Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет ауа райына байланысты Алматыда ескерту жариялады, деп хабарлайды Qazaqpress ТЖД-ға сілтеме жасап. 

26 маусымда күндіз қалада қатты ыстық болады. Термометр 36 градусқа дейін көтеріледі.

— Ыстық ауа райы, әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық гипертониясы  бар, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін қауіпті. Серуен, шамадан тыс физикалық белсенділіктен шектеліңіз.

Дәрігердің нұсқаулығын нақты орындап, берілген дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау қажет. Артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар қан қысымын үнемі қадағалап отырсын, — деді ТЖД өкілдері.