Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін Санкт-Петербургке келді, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Мемлекет басшысы Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен және Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен екіжақты кездесулер өткізеді.
Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады.
Сонымен қатар Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз