Тоқаев қызметінен босатылған әкімдерге алғыс айтты

Тоқаев қызметінен босатылған әкімдерге алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш облыстың қызметінен босатылған әкімдеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстарының әкімдері лауазымында атқарған қызметі үшін Махамбет Досмұхамбетовке, Бердібек Сапарбаевқа, Гүлшара Әбдіқалықоваға алғысын білдірді, — делінген хабарламада.