Рахат Тоқбаев Қазынашылық комитетінің төрағасы болды

Рахат Тоқбаев Қазынашылық комитетінің төрағасы болды

Рахат Тоқбаев Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— ҚР қаржы министрінің бұйрығы бойынша, Рахат Келдібайұлы Тоқбаев ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, 2021 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.