Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Білім

Бақытбек Смағұл балабақшаларға қаражат неге жетпей жатқанын айтты

Агзам Текенов by Агзам Текенов
9 марта, 2022
Бақытбек Смағұл балабақшаларға қаражат неге жетпей жатқанын айтты
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Байланысты

Білім беру мен азаматтық қоғамның рөлі жөніндегі ашық диалог

«Аграркаполия»: Жаңа адамдар ҚазҰАЗУ әкімшілігін университет корпустарын сатуды тоқтатуға шақырады

«Қазақстан балалары» онкүндігі аясында «Министрге хат» атты акция өтті

«Депутаттық сауал мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне қатысты болмақ. Бұл мәселеде үлкен проблема бар екенін өңірлерге барғанда танысып білдім. 2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен білім беру мекемелерін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі бекітілген, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары да қамтылған. Бұл әдістеме 2020 жылы Қызылорда қаласында, ал 2021 жылдан бастап облыс бойынша қолданыла бастады. Осы кездегі тәжірибе әдістемеде ескерілмеген бірқатар жәйттарды көрсетті. Жобалық қуаты төмен балабақшаларға осы әдістемемен есептелген қаржы жеткіліксіз. Нәтижесінде, балабақшаларда еңбекақы мен коммуналдық қызметтерге берешектер қалыптасып, қызметкерлердің заңды ренішін тудыруда», — деді Б. Смағұл Білім және ғылым министрлігіне жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, бала-бақшалардағы штат құрылымы ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы 77 қаулысына сәйкес болуы тиіс. Алайда, әдістемемен есептелген қаржы жеткіліксіз болғандықтан, нақты штат саны көптеген жағдайда қажеттілікке сәйкес емес.

«Министрліктің бұйрығымен бекітілген әдістеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын орындамауына әкелуде. Қызметкерлер толық штаттың орнына 0,5-0,75 штат бірлігімен жұмыс істеп, олардың еңбек құқықтары бұзылуда. Бұған қоса, бір Қазалы ауданы бойынша бүгінгі таңда 17 бала-бақшаға жабылу қауіпі төніп тұр. Сонымен қатар, дәл осындай жағдай Түркістан облысында да орын алып отыр», — деді депутат.

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 42 бабының 7 тармағына сәйкес, министрліктің қабылданған бұйрығы жергілікті бюджет шығыстарының ұлғаюына әкелуіне байланысты жетіспейтін қаржы республикалық бюджет есебінен өтелуі тиіс. Және де алдағы уақытта мұндай жағдай орын алмау үшін әдістемеде жобалық қуаты төмен бала-бақшалардың нормативіне жоғарылату коэффициенті қолданылуы керек және жылуға қажетті қаржы әдістемеден тыс бөлек есептеліп қаралуы тиіс», — деді ол.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Рахат Тоқбаев Қазынашылық комитетінің төрағасы болды

Келесі жаңалық

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Білім беру мен азаматтық қоғамның рөлі жөніндегі ашық диалог
Білім

Білім беру мен азаматтық қоғамның рөлі жөніндегі ашық диалог

6 октября, 2025
«Аграркаполия»: Жаңа адамдар ҚазҰАЗУ әкімшілігін университет корпустарын сатуды тоқтатуға шақырады
Білім

«Аграркаполия»: Жаңа адамдар ҚазҰАЗУ әкімшілігін университет корпустарын сатуды тоқтатуға шақырады

23 сентября, 2025
«Қазақстан балалары» онкүндігі аясында «Министрге хат» атты акция өтті
Білім

«Қазақстан балалары» онкүндігі аясында «Министрге хат» атты акция өтті

3 июля, 2025
Алматыдағы UIB университетінде вебтундар жасауға арналған дәрістер мен воркшоптар өтуде
Білім

Алматыдағы UIB университетінде вебтундар жасауға арналған дәрістер мен воркшоптар өтуде

29 мая, 2025
SDU University-де жасанды интеллект зерттеулеріне арналған жаңа блок ашылды
Білім

SDU University-де жасанды интеллект зерттеулеріне арналған жаңа блок ашылды

28 марта, 2025
Астанада Дархан Қыдырәлінің еңбектерінің жаңа басылымдары таныстырылды
Білім

Астанада Дархан Қыдырәлінің еңбектерінің жаңа басылымдары таныстырылды

10 февраля, 2025
Келесі жаңалық
Кейінгі тәулікте Қазақстанда 1 349 адамнан COVID-19 анықталды

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Ресейге салынған санкциялар АҚШ пен Еуроодаққа да кесірін тигізіп отыр

Ресейге салынған санкциялар АҚШ пен Еуроодаққа да кесірін тигізіп отыр

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Тоқаев Цойға эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды

Тоқаев Цойға эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды

22 января, 2021
Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

8 августа, 2024
ОҚЫТУ ШЕБЕРЛІК-САҒАТЫ ФОРМАТЫНДАҒЫ БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯЛАР: ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСЕДІ

ОҚЫТУ ШЕБЕРЛІК-САҒАТЫ ФОРМАТЫНДАҒЫ БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯЛАР: ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСЕДІ

1 декабря, 2025

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қызым» — осы қыстың ең жылы премьерасы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері
  • Партиядағы пікірталас
  • Астанада жастарға «Арт әлемі: Шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» іс-шарасы ұйымдастырылды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.