Футболдан ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Андрей Карпович тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.
«Андрей Владимирович қазақстандық жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол ұлттық құрамада ең көп матч (55) өткізген ойыншылардың бестігіне кіреді. Бірнеше рет капитан ретінде алаңға шыққан болатын», — делінген ҚР Футбол федерациясының мәліметінде.
Айта кетсек, жаңа бас бапкердің командасы үшін алғашқы сынақ 24 наурызда Молдова құрамасына қарсы болады.













Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз