Ішкі істер министрлігі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
— Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ведомство басшысы қалыпты жұмыс істеп жатыр, — делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін Желіде соңғы үш жылдан бері ішкі істер министрі болған Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылады деген ақпарат пайда болған еді. Telegram-арналарында оның орнына ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков тағайындалады деген болжам айтылған.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз