Утильалым мөлшерлемесі жарияланды

Утильалым мөлшерлемесі жарияланды

Автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасына утильалым мөлшерлемесі 50 пайызға дейін төмендетіледі, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.

— Шешім қабылданды, автомобиль өнеркәсібін ынталандыру деңгейі автомобиль мен өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының барлық түріне мөлшерлемені 50 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді, — деді Скляр.