Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке алғыс айтты, деп хабарлайды Qazaqpress.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары лауазымындағы көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты, – деді Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Бауыржан Байбек 2019 жылдың маусым айынан бері партия төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Еске салсақ, 28 қаңтарда Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезі өткен еді. XXI Съездің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз