Қазақстанда өткен тәулікте 7 149 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 149 адам тіркелді. Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 246 103-ке жетті.
– Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 822, Алматы қаласында – 1 336, Шымкент қаласында – 77, Ақмола облысында – 691, Ақтөбе облысында – 243, Алматы облысында – 273, Атырау облысында – 145, Шығыс Қазақстан облысында – 265, Жамбыл облысында – 132, Батыс Қазақстан облысында – 346, Қарағанды облысында – 1 063, Қостанай облысында -462, Қызылорда облысында – 49, Маңғыстау облысында – 46, Павлодар облысында – 784, Солтүстік Қазақстан облысында – 382, Түркістан облысында – 33, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Қазақстанда 12 783 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Нұр-Сұлтан қаласында – 2 648, Алматы қаласында – 2 621, Шымкент қаласында – 16, Ақмола облысында – 420, Ақтөбе облысында – 714, Алматы облысында – 278, Атырау облысында – 562, Шығыс Қазақстан облысында – 346, Жамбыл облысында – 76, Батыс Қазақстан облысында – 134, Қарағанды облысында – 1 920, Қостанай облысында – 656, Қызылорда облысында – 281, Маңғыстау облысында – 192, Павлодар облысында – 1 260, Солтүстік Қазақстан облысында – 546, Түркістан облысында – 113. Елімізде барлығы 1 098 462 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Discussion about this post