Сағынтаев 2050 теңгеге сиыр етін қайдан алуға болатынын айтты

Сағынтаев 2050 теңгеге сиыр етін қайдан алуға болатынын айтты

Алматы бюджетінен әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын бір қалпыда сақтау үшін 11 млрд теңге бөлінді – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

— Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін, жүйелі шаралар жалғасады. Бұған жергілікті бюджеттен 11 миллиард теңге бөлінді. Бөлінген қаражат есебінен 19 Magnum сауда-орталық желісі мен 12 Toimart сауда-орталық желісінде әлеуметтік маңызы бар өнімдер мен тауарлардың барлығы төмендетілген бағамен сатылуда. Орта есеппен екі желіде көкөніс бағасы базар бағасынан 30-50 пайызға, ет өнімдері 10-15 пайызға, азық-түлік тауарлары 10-30 пайызға төмендетілді – деді Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, «Көк базар», «Ақ-Бұлақ», «Оптовка», «Сарыарқа», «Тастақ», «Тау-Самал», «Алматы-1», «Түрксіб» жәрмеңкесі сияқты жеті азық-түлік базарында әлеуметтік дүкендер жұмыс істейді.

— Көкөніс өнімінің сауда орындарында базар бағасынан 15,-2 есе төмен бағамен сатылуда, — деді Бақытжан Сағынтаев

Әкім Алматының қай жерінде 2050 теңгеге сиыр етін сатып алуға болатынын да айтты.

— «Жұлдыз», «Орбита», «Тау-Самал», «Арыстан» және «Тастақ» секілді бес базарда ет сататын дүкендер іске қосылып, сиыр етінің келісі 2050 теңгеден сатылуда, — деп қорытындылады Бақытжан Сағынтаев.

Бұған дейін мегаполис әкімі Алматыда екі метро стансасы қашан іске қосылатынын, тәртіпсіздіктен зардап шеккен кәсіпкерлерге қалай көмектесетінін айтқан болатын.