Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Төлеубек Аралбай дүниеден өтті, деп хабарлайды Qazaqpress.
Бұл жайында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театры мәлімет таратты.
«Қазақ өнері мен мәдениеті ауыр қазаға ұшырады. 72 жасқа қараған шағында театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбай дүние салды», – деп жазды театрдың баспасөз қызметі Instagram парақшасында.
Discussion about this post