Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі қызметінен босатылған Мұрат Бектанов Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезеңінде командир ретінде қабілетін көрсете алмағанын мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштерге деген талап күшейе түскеніне тоқталды.
– Әскер Тәуелсіздігіміздің тірегі болып, мемлекет мүдделерін қорғауы тиіс. Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы Күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылықтың кесірінен жүктелген міндеттерді өз деңгейінде атқара алмады. Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады. Командалық-штабтық және әскери жаттығулар кезінде оң нәтиже көрсеткен әскеріміз бола тұра, сын сағатта оның әлеуетін пайдалана алмадық. Сырттан көмек шақыруға мәжбүр болдық, – деді ол.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз