Қарағандыда жас жігіттің денесі табылды

Қарағандыда жас жігіттің денесі табылды

Қарағандыда қаңқаға айналған адамның денесі табылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетсек, оның жанында хабар-ошарсыз кеткен жас жігіттің құжаттары болды.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәйіт Қарағанды маңында далада табылған.

«Адамның қаңқалы мәйіті табылды. Мүрденің жанында хабар-ошарсыз кеткен адамның құжаттары болған. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.