Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Қоғам

Баспана жыры: 75 бап қайда, баспана қайда?

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
15 октября, 2021
Баспана жыры: 75 бап қайда, баспана қайда?

Заң жүзінде ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 75 бабында жазылғандай, ҚР әр азаматына тиесілі 10-15 сотық жер не әлеуметтік жағдайымен реттелетін пәтер алу құқығы ескерілмейтін көрінеді, деп хабарлайды Qazaqpress.

Байланысты

Алматыда супермаркет қызметкеріне агрессия танытқан әйел жауапкершілікке тартылды

Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы

Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды

Әлі 2013 жылдан бері экс-президент Н. Ә. Назарбаевтың жолдауындағы «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қаржыландырудың барлық көздері арқылы 281,6 миллиард теңге инвестиция тартылып, 6,6 млн. шаршы метр тұрғын үй салынуы тиіс болатын және ол жылы алғашқы 1573 пәтер салынып, пайдалануға берілді. Сол жылы тағы 6000 пәтер құрылыс үстінде еді. Жолдауда айтылғандай, сәтін салса, 2020 жылға дейін 49 мың пәтер құрылысы аяқталып, қолдануға берілуі керектін. Алайда пәтерлер тегін беріледі деген сөз болған жоқ. Жолдаудағы міндеттерді толығымен орындау үшін ұзақ мерзімге жалға беру, одан кейін сатып алудың екі түрлі жолын қарастыру керек екені айтылды. Әрине, үйді тек қаражаты барлар ғана жалдай алады. Бірақ тұрғын үйге тізімге тұрып қойған адамдардың қолына бір шаршы метр де тимеді. Біздің елімізде 2017 ж. көрсеткіштері бойынша баспанаға мұқтаж 2 млн 300 мың адам ресми түрде тіркелген екен, ал тіркелмегендері одан да көп. 2017 жылы олардың Астанадағы саны да 100 мыңға жуықтап қалыпты. Ал тұрғын үй алу кезегінде бас қаламызда 40 мың отбасы тұр деседі. «Казжилстрой-Кооперация» кооперативі мектептер мен ауруханаларда өткізген әлеуметтік зерттеу бойынша қызметкерлердің 65-70%-ы жалдамалы пәтерлерде тұратыны анықталды. Бұл ұрпағымыздың білімі мен денсаулығына жауап беретін мұғалімдер мен дәрігерлердің үштен екісі үйсіз-күйсіз жүр деген сөз. Олардың күйі жұмыс сапасын төмендететіні айдан анық. Үйсіз жүрген жас отаулардың жағдайлары тіпті ауыр. Әдетте бұлар ерінің бір жалақысына өмір сүреді. Ол табыстың жартысын «баласының аузынан жырып» пәтер жалына төлейді. Ендеше жас жанұя балаларымен мөлшері 40-75 мың болатын жарты айлыққа өмір сүріп, балаларын тәрбиелеп, оқыту не пәтер жалын төлеу шешімінің екі ортасында қалып отыр.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету керек еді. Алайда «Нұрлы жер» бағдарламасының мақсаты бойынша көппәтерлі үйлер құрылысы мен жеке тұрғын үй құрылысын дамыту аясында халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету болғанмен, мұнда да кезекте тұрғандар шегеріліп, үй алу жағдайын қаражаты барлар үшін ғана ыңғайластырған екен. Ресми деректер бойынша 7 жылда осы санақтан артық адам пәтермен қамтамасыз етілгені еш жерде жарияланбады. Қ-Ж. Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы жолдауында «Баспана хит» және «7-20-25» сияқты тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі таяу арада аяқталатыны айтылған, бірақ халықта құрылыс жұмыстарының да уақытылы аяқталғанына күмән бар. Себебі m.alashainasy.kz ақпараттық агенттігі «Оралға қарасты Зашаған кентіндегі жаңа шағын ауданда 2020 жылға дейін құны 35 млрд. теңге тұратын жалпы алаңы 280 мың шаршы метр 40-тан астам тұрғын үйді салып бітіру көзделуде – деп хабарлаған болатын. Мұнда мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес 10,6 млрд. теңгеге жалпы алаңы 90 мың шаршы метр 14 үй іске қосылу жоспарланған еді.

Алашайнаның пайымдауынша, бұл рекордтық көрсеткіш деуге болады. Соның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес 9 үй салынып, 1004 пәтер кезекте тұрғандарға берілу көзделді. Барлығы 1562 пәтер 5 мыңнан астам қала тұрғынын баспанамен қамтымақ болатын. Алайда бұл мақала 2016 жылдың 14 ақпанында шықты, ал Зашаған кентінде Мәжілісмендердің есебі бойынша 2019 жылы жалпы, Орал-Саратов трассасы бойында бекітілген құжатқа сәйкес 9 үй салу жоспарға енді және сол жылы 7-нің құрылыс жұмысы басталған болатын. Егер 3 жылда әлі тек 9 қабатты 9 үйдің ғана мәселесі қарастырылып жатқан болса, онда 40 мыңнан астам үйді 2020 жылға дейін қалай бітірмек еді, деген орынды сұрақ туындайды.

Бүгінгі таңда primerministr.kz ресми ақпараттық ресурсының хабарлауынша, ҚР президенті Қ-Ж. Тоқаев нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және жұрттың бәріне бірдей қолжетімді емес екенін айтты. Осыған орай, бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады.

— Ұлттық даму институтына айналатын «Отбасы банкі» оның әкімшісі болып белгіленеді. Банк алдында «бір терезе қағидаты» бойынша есеп жүргізіп, азаматтарға тұрғын үй бөлу міндеті тұр – деді ол.

Қасым-Жомарт Кемелұлы бұған дейін зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану туралы бастаманың оң әсері туралы айтты. Сондай-ақ, бұл адамдардың жұмыс берушілерден өз еңбекақысын ашық түрде талап етуіне мүмкіндік берді. Зейнетақы жинағының артық мөлшерін тұрғын-үй сатып алу мақсатында «Отбасы банкіндегі» есепшотқа аудару керек деген ұсыныс берді.

— Сонымен қатар, бұл қадам жұрттың қаражат жинауды және оны сауатты жұмсауды дағдыға айналдыруына мүмкіндік береді – деді президент.

Әзірге тұрғын-үй алуды жеңілдетудің жолы осы ғана, енді бұл бағдарламаның нәтижесі де тек уақыт еншісінде.

Buy JNews
ADVERTISEMENT
Tags: баспанажобаПрезидент
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Кейінгі тәулікте Қазақстанда қанша адам COVID-19 жұқтырды?

Келесі жаңалық

Ерлан Қожағапанов мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

Алматыда супермаркет қызметкеріне агрессия танытқан әйел жауапкершілікке тартылды
Басты

Алматыда супермаркет қызметкеріне агрессия танытқан әйел жауапкершілікке тартылды

20 июня, 2026
Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы
Қоғам

Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы

26 июня, 2025
Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды
Қоғам

Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды

12 июня, 2025
“Кис-Кись, іздейміз!”: Қазақстанда жоғалған мысықтарды іздеу үшін әлеуметтік геолокациялық сервис іске қосылды
Қоғам

“Кис-Кись, іздейміз!”: Қазақстанда жоғалған мысықтарды іздеу үшін әлеуметтік геолокациялық сервис іске қосылды

12 июня, 2025
Жаңа адамдар Қостанайда алты жылдан бері жөнделіп бітпеген  балалар ауруханасы үшін әділет күресін жалғастыруда
Басты

Жаңа адамдар Қостанайда алты жылдан бері жөнделіп бітпеген балалар ауруханасы үшін әділет күресін жалғастыруда

2 мая, 2025
Samsung Алматыда журналистерге және блогерлерге арнап пресс -таңғы асын ұйымдастырды
Технология

Samsung Алматыда журналистерге және блогерлерге арнап пресс -таңғы асын ұйымдастырды

25 апреля, 2025
Келесі жаңалық
Ерлан Қожағапанов мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды

Ерлан Қожағапанов мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды

Тимур Бекмамбетов, Джарон Ланье, Кьелл Нордстрем және Ксения Собчак  XVII Еуразиялық Медиа Форумда сөз сөйлейді

Тимур Бекмамбетов, Джарон Ланье, Кьелл Нордстрем және Ксения Собчак XVII Еуразиялық Медиа Форумда сөз сөйлейді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Маңғыстау облысында адамдар жаппай уланды

Маңғыстау облысында адамдар жаппай уланды

26 февраля, 2024
Фестиваль ортасындағы смарт-қала: CITIX қалалық сервистерді OYU Fest аясында қалай көрсетті

Фестиваль ортасындағы смарт-қала: CITIX қалалық сервистерді OYU Fest аясында қалай көрсетті

8 июля, 2026
Алматыда газ монополистіне 77 млн ​​теңге айыппұл салынды

Алматыда газ монополистіне 77 млн ​​теңге айыппұл салынды

25 мая, 2023

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
  • Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды
  • Жезқазғанда Металлург күніне арналған ауқымды Metallurg Fest өтті

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.