Ерлан Қожағапанов мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды

Ерлан Қожағапанов мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды

Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов қызметінен кетті, деп хабарлайды Qazaqpress премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

— Қазақстан Үкіметінің қаулысы бойынша Ерлан Қожағапанов Қазақстан мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.

Айта кетсек, Ерлан Қожағапанов биыл 26 сәуірде Қазақстан мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.