қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Саясат

Тоқаев: Ауғанстандағы жағдайдың белгілі бір деңгейде қатері бар

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
Тамыз 23, 2021
Тоқаев: Ауғанстандағы жағдайдың белгілі бір деңгейде қатері бар

Алматы облысында Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұланның «Қайсар-2021» оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлайды Qazaqpress Azattyq.org-қа сілтеме жасап.

Байланысты

Тоқаев Ақордада актриса Самал Еслямованы қабылдады

Тоқаев Астанада ХВҚ, БҰҰ және басқа да халықаралық құрылымдардың өкілдерімен кездеседі

Алматылықтар қала көшелерінің жабылғаны туралы ақпараттың жоқтығына шағымданды

Қатысушылар арасында Қазақстан президенті де болды. Елдің жоғары қолбасшысы Тоқаев ішкі істер министрлігінің «түрлі дағдарыстың алдын алуға және жолын кесуге тас түйін дайын екенін» айтты.

– Халықаралық ахуалдың шиеленісуі жағдайында біздің күштік құрылымдар мейлінше ұтқыр болуға тиіс. Ауғанстандағы жағдайға байланысты қоғамда алаңдаушылық артып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл оқиғалар Қазақстанға тікелей қауіп төндірмейді. Алайда белгілі бір дәрежеде қатері бар. Сондықтан біз жағдайды мұқият бақылап, кез келген сын-қатерге лайықты жауап беруге дайын болуымыз керек – деді Тоқаев.

Қазақстан президенті әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартып беруге уәде берді. Алдағы үш жылда ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға артады деді ол.

Қазақстан билігі мемлекеттік және бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтергенде әдетте оны жетістік етіп көрсеткісі келеді. Алайда ел экономикасының қуатына қарай азаматтар жыл сайын инфляция мен қымбатшылыққа тап болып жатады. Маусым айында Қазақстанда жылдық инфляция 8,4 пайыз болған.

Қазақстан Ауғанстанмен шектеспейді, бірақ шектесетін Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстанмен көршілес. Мамандар «Талибанның» алдағы қадамдарын «болжау мүмкін емес» дейді.

Аптаның басында сыртқы істер министрлігі қазақ елшілігінің тәліптермен ешқандай байланысқа шықпағанын айтқан. Алайда кейіннен тәліптердің елшілікке келіп, дипөкілдіктің қауіпсіздігіне кепіл бергенін айтты.

15 тамыз күні тәліптер Кабулге кіріп, Ауғанстанды толық бақылауға алғанын мәлімдеген соң, ел астанасында «Талибан» режимінен үрейленген ауғандар елден кетуге асығып, дүрбелең болды. Эвакуация орталығына айналған Кабул халықаралық әуежайына күн сайын мыңдаған Ауған азаматтары келіп, кісі кептелісі болып жатыр. Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің жеті ауған азаматының қаза тапқанын мәлімдеді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT
Tags: Ауғанстан азаматтарыбосқыншыларТалибанҚазақстанқашқындар
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қазақ жекпе-жекшісі Brave тарихындағы күтпеген жеңіске жетті

Келесі жаңалық

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

Тоқаев Ақордада актриса Самал Еслямованы қабылдады
Саясат

Тоқаев Ақордада актриса Самал Еслямованы қабылдады

Маусым 5, 2023
Тоқаев Астанада ХВҚ, БҰҰ және басқа да халықаралық құрылымдардың өкілдерімен кездеседі
Саясат

Тоқаев Астанада ХВҚ, БҰҰ және басқа да халықаралық құрылымдардың өкілдерімен кездеседі

Маусым 5, 2023
Алматылықтар қала көшелерінің жабылғаны туралы ақпараттың жоқтығына шағымданды
Саясат

Алматылықтар қала көшелерінің жабылғаны туралы ақпараттың жоқтығына шағымданды

Маусым 2, 2023
Қазақстан мен Еуропалық Одақ маңызды шикізат саласында ынтымақтасуға келісті
Саясат

Қазақстан мен Еуропалық Одақ маңызды шикізат саласында ынтымақтасуға келісті

Маусым 2, 2023
Ардақ Тиес Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы қызметінен кетті
Саясат

Ардақ Тиес Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы қызметінен кетті

Маусым 2, 2023
Тоқаев Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды
Басты

Тоқаев Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды

Маусым 2, 2023
Келесі жаңалық
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Мәжіліс спикері Цойдан емханаларға барып халықпен байланыс орнатуын сұрады

Цой коронавирусқа байланысты жаңа болжамын жариялады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Қаңтар 22, 2021
Маңғыстауда жұмысшыны бетон тіреуіш басып қалды

Маңғыстауда жұмысшыны бетон тіреуіш басып қалды

Қазан 17, 2022
Алматыда Республика мерекесіне орай медицина қызметкерлері марапатталды

Алматыда Республика мерекесіне орай медицина қызметкерлері марапатталды

Қазан 22, 2022

Топ жаңалықтар

  • Шойбекова Райкул Манапқызы

    Шойбекова Райкул Манапқызы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық дәрігерлер салмағы 10 кг асатын ең үлкен миоманы әйел жатырынан алып тастады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Инфаркт кезінде алғашқы медициналық көмек қалай көрсетіні жайлы кардиолог мәлімдеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Atamekenim.kz сайтында өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Соңғы жазбалар

  • Абай ауданында Ертіске 15 жасар қыз батып кетті
  • Қарағандыда полиция бастығының орынбасары ұсталды
  • Тоқаев Ақордада актриса Самал Еслямованы қабылдады

Санаттар

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.