Қазақ жекпе-жекшісі Brave тарихындағы күтпеген жеңіске жетті

Қазақ жекпе-жекшісі Brave тарихындағы күтпеген жеңіске жетті

Қазақстандық жекпе-жекші Олжас Есқараев Алматыда өткен Brave CF 53 турнирінде бұрын соңды болмаған жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazaqpress Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ол лиганың бұрыңғы чемпионы Лукас Мартинеспен кездесіп, екінші раундта сәтті соққымен жекпе-жек уақытынан бұрын жеңді.

Онымен қоса Есқараев жекпе-жекті небәрі бес күннің ішінде қабылдады. Бұл соңғы төрт айдағы оның үшінші жекпе-жегі еді. Бұл оның Brave CF-тегі дебюті болды.

Алаң анонсері қазақстандықтың бұл жеңісін лига тарихындағы ең үлкен апсет деп атады.

Еске сала кетейік, Brave CF 53 негізгі шайқасында «Бизон» лақап атындағы Нұржан Ақышев жеңіліп қалды.