Бағдат Мусин: Вакцина салдырғандарға келесі аптада «жасыл» мәртебе беріледі

Бағдат Мусин: Вакцина салдырғандарға келесі аптада «жасыл» мәртебе беріледі

Келесі аптада барлық вакцина алған қазақстандықтарға Ashyq қосымшасында «жасыл» мәртебе беріледі, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

«Келесі аптаның басында барлық вакцина салдырғандар Ashyq қосымшасында «жасыл» мәртебеге ие болады деген жоспарымыз бар», — деді Мусин ОКҚ онлайн-брифингінде.