Ержан Байтілес Ақордада жаңа лауазымға тағайындалды

Ержан Байтілес Ақордада жаңа лауазымға тағайындалды

Ержан Байтілес ҚР Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (саяси қызмет) болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл туралы Берік Уәли Facebook-парақшасында хабарлады.

— ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошановтың бұйрығымен Президент Баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі, белгілі журналист Ержан Байтілес бүгіннен бастап ҚР Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (саяси қызмет) болып тағайындалды, — делінген жазбада.