Қазақстандықтар enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй мен емделу ақысын төлеуге 1 триллион теңге зейнетақы жинақтарын пайдаланды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі — БЖЗҚ) ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына 2021 жылдың 26 мамырындағы жағдай бойынша 1,3 трлн теңгеден астам қаражат аударды (140 млрд теңге 45 күннің ішінде пайдаланылмаған қаражат ретінде БЖЗҚ-на қайтарылды). 159 621 қазақстандық enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеу үшін жалпы сомасы 1 трлн теңгеге тең зейнетақы төлемдерін пайдаланды. Олардың үштен бірі — әйелдер (50 236) және үштен екісі — ер адамдар (109 385).

«Біржолғы зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі — БЗТ) пайдалану тетігін әзірлеу кезінде банктің мақсаты – клиент үшін процесті мүмкіндігінше ыңғайлы әрі түсінікті ету болды, бастысы – онлайн форматта. Қысқа уақыт ішінде банк enpf-otbasy.kz интернет-ресурсын құрып, БЗТ пайдалану тетігін тез арада іске қосу үшін БЖЗҚ-мен интеграция жасады», — деді банктің Басқарма төрайымы, Ләззат Ибрагимова.

БЗТ қолдану бойынша бірінші орында Маңғыстау облысының тұрғындары тұр (28 450  адам), олар жалпы сомасы 279 млрд теңге пайдаланған. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы (26 015 адам), елорда тұрғындары 162 млрд-тан астам теңге қолданған. Алматы қаласы – үшінші орында (21 832 адам), алматылықтар жалпы сомасы 173 млрд-тан астам теңгені тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеуге жұмсаған.

26.05.2021 жылғы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсаттары: