Қазақстанда доллар қымбаттады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE қор биржасына сілтеме жасап.
12 сәуірдегі таңғы сессияның қорытындысы бойынша, ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 433,32 теңге болды. Бір тәулікте бұл көрсеткіш 0,15 теңгеге өскен.
Kurs.kz мәліметінше, бүгін Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 434,48 теңге, ал сатып алу – 432,92 теңге.
Нұр-Сұлтан ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасын орта есеппен 434,19 теңгеден сатады, 433,08 теңгеден сатып алады.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз