Қарағанды облысындағы санитарлық блокбекеттер алынады

Қарағанды облысындағы санитарлық блокбекеттер алынады

Қарағанды облысындағы санитарлық блокбекеттер алынады, деп хабарлайды Qazaqpress.

Тиісті қаулыға облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин қол қойды

Бұл шешім коронавирустың Қазақстандағы, оның ішінде Қарағанды ​​облысындағы мәліметтерді қаралғаннан кейін және облыспен шекаралас аймақтардағы аурудың төмендеуін ескере отырып қабылданды.

— «Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров аудандарының аумақтарында орналасқан Қарағанды облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін санитарлық бекеттерді орнату туралы» қаулысының күші жойылсын, — делінген құжатта.

Қаулы 2020 жылдың 18 желтоқсаны сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.