қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«QOLDA» жедел жәрдем жобасы: 2021 жылдың қаңтар айындағы нәтижелер

Агзам Текенов by Агзам Текенов
Қаңтар 27, 2021

2021 жылдың алғашқы екі аптасында «Qolda 2.0» шұғыл көмек бағдарламасының грант иегерлері атанған алты ҮЕҰ жұмыс процесіне белсенді кірісті және өз нәтижелерімен бөлісуге дайын.

Байланысты

Өскеменде отқа оранған үйден мүгедек әйел құтқарылды

Алматыда 31 жастағы ер адам алтыншы тәулік іздестіріліп жатыр

Ақтөбе облысында бірнеше бағыттағы жол жабық

2021 жыл қалай басталды және ҮЕҰ алдағы екі аптаға белгілеген жоспарлары туралы № 12 newsletter-де баяндаймыз.

«ЖАНҰЯ» ОТБАСЫНЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

Қамту аймағы: Алматы облысы Жамбыл

ауданы Қор психологиялық мәселелерді шешуге арналған «Genesis» экспресспсихотерапиялық тәсілі» атты бірінші алғашқы ZOOM-презентациясын өткізді. Іс-шара Алматы облысы Іле ауданының орта мектептері мен колледждерінің 51 психологтар үшін ұйымдастырылды. Психологтар «Qolda» шұғыл көмек бағдарламасының маңыздылығы мен мамандарға психологиялық көмек көрсетуге арналған дағдыларды үйренугі мүмкіндік бергенін атап өтті. Жақын арада Іле аймағындағы барлық мектептер мен колледждердің психологтарын психологиялық мәселелердің барлық түрлерін шешуге арналған жаңа отандық экспресс-психотерапиялық «Genesis» әдісі бойынша оқытуды жалғастыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта психологтар оқытылып жатыр.

«ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМДАСТЫҚТАР» ҚОРЫ

Қамту аймағы: Алматы облысы Шелек ауылдық округі

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар» қоры қауымдастықтар кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Онда ерекше мұқтаж отбасыларға көмек көрсету туралы шешім қабылданды. 20 отбасыға көмір, 25 отбасыға азық-түлік қораптары жеткізілді. Ұйымның үйлестірушілері мүмкіндігі шектеулі балалары бар 119 отбасыны анықтады.

2020 жылдың желтоқсан айында мүмкіндігі шектеулі балаларға 140 жаңа жылдық сыйлықтар сатып алынды. Оның 127-сі балаларға таратылып, 13- і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шелек ауылының балалар үйіне жеткізілді.

Алдағы екі аптада аймақтарды айналып, көмекке мұқтаж отбасылардың тізімдерін нақтылау жұмыстары жалғасады. Сонымен қатар, жақын күндері «Тегін киім дүкені» акциясы ұйымдастырылады. Қор қайырымды жандар және әлеуетті демеушілермен жұмысты жалғастырады.

«Қазір, шынымен, қиын кезеңдерді бастан кешіп отырмыз. COVID-19, адамдар жұмыстарынан айырылып жатыр. Бірақ оған қарамастан ақшаларын қайырымдылыққа жұмсап, мұқтаж жандарға көмектесіп жатыр!», «Біз көмектескен және біздің көмегімізге мұқтаж болған жандардың шынайы алғыстары жұмсалған уақыт пен күштен мың есе қымбат», — ФМС.

«ЗАҢ ТАЛАБЫ» ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ

Қамту аймағы: Шымкент қ. және Түркістан облысы

Қаңтардың алғашқы екі аптасында «Qolda» шұғыл көмек бағдарламасы аясында «Заң Талабы» құқық қорғау орталығының заңгері 47 консультация өткізді. Оның 23 физикалық зорлық-зомбылық, 5 жыныстық зорлық-зомбылық (кәмелетке толмағандар), 16 психологиялық зорлық-зомбылық бойынша. 12 бенефициарға уәкілетті органдарға жүгіну үшін процессуалдық құжаттар жасалды.

1-15 қаңтар аралығында орталыққа 16 бенефициар хабарласып, көмек сұрады, оның алтауы ер адамдар, тоғызы әйелдер. Психолог тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына психо-эмоционалды жағдайын түзету бойынша кеңес берді. Сенім телефонына 47 өтініш түскен. Оператор оларға алғашқы кеңес берді.

#StopViolence аясында Арыс пен Түркістан қалаларында, Түркістан облысының Шардара және Сарыағаш аудандарында ақпараттық науқан өткізілді. 1 қаңтардан 15 қаңтар аралығында құқық қорғау орталығынан 6 ер адам көмек сұрады. Олар депрессиялық жағдайда болды, олардың барлығына консультация көрсетілді.

Алдағы екі аптада ауылаймақтардағы әйелдер мен жастарға «Гендерлік және цифрлық құқықтар» тақырыбы бойынша тренингтер өткізіп, құқықтық және психологиялық көмек көрсетуді жалғастыру жоспарлануда. Сондайақ, «Заң Талабы» құқық қорғау орталығы тұрмыстық зорлықзомбылық проблемасына танымал блогерлердің назарын аударуды жоспарлап отыр.

«ҰЛАҒАТ» ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

Қамту аймағы: Шығыс-Қазақстан облысы

Қоғамдық бірлестік Шығыс Қазақстан облысының еріктілер базасын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың чек-парақшалары қазақ тіліне аударылып жатыр. Оқыту және мәліметтер базасын құру бойынша еріктілермен келіссөздер жүргізілуде. Бейне роликтерге сценарий жазатын маманмен келісім-шарт жасалды. Жақын күндері бейне роликтерді түсіру жұмыстары басталады. Сонымен қатар, мобильді қосымшаның логотипін бекіту, чек-парақшаларды дайындап шығару және мобильді қосымшаның макеттерін дайындау жұмыстары алдағы аптаға жоспарланған.

«Біздің еріктілер — қарапайым ауылдың тұрғындары. Жұмыстары өте көп, малға, бау-бақшасына қарайды, шаруашылығының тірліктірімен айналысады. Бос уақыттары мүлде жоқ. Бірақ оған қарамастан дәл осындай адамдар тек өз қамын ғана ойлаймайды, олар әрдайым мүқтаж жандарға қол ұшын созуға дайын. Ештеңеге қарамай өрт астында қалған, немесе орманда адасып кеткендерге көмек көрсетуге асығады. Осыған қоса Шығыс Қазақстан облысында табиғи төтенше жағдайлар да болуы мүмкін, өйткені бұл жақта ормандар, таулы аймақтар мен өзендер өте көп. Қазіргі таңда жобалық тобы барлық еріктілерді бір базаға біріктіріп, олар үшін тренинг өткізетін жобаны жүзеге асыруда. Сондай-ақ, жоба аясында әртүрлі жағдайлардың чекпарақшалары бар мобильді қосымша жасалады деп жоспарлануда. Ол жерден сіз және сіздің балаларыңыз өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да төтенше жағдайлар туралы ақпарат алу арқасында кез-келген жағдайға дайын бола аласыз», — Ұлағат.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАСТАРЫ» ҚБ

Қамту аймағы: Шымкент қ. және 14 облыс

«Медициналық еріктілер мектебі» жобасы еліміздің тағы 4 аймағында іске қосылды. 2020 жылдың 21 желтоқсанында Қарағанды және Ақмола облыстарында, 25 желтоқсанында Жамбыл облысында, 29 желтоқсанында Атырау облысында мектептер ашылды. Шақырылған маман-терапевт Тілеубек Нұридин Талғатұлы кіріспе сабақ өткізіп, еліміздегі еріктілер қозғалысының даму тарихын айтып берді. 2020 жылдың 26 желтоқсанында белгілі медициналық ерікті, «Халық алғысы» медалінің иегері, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ интерн-дәрігері Солтанай Жәнібектің қатысуымен Шымкент қаласындағы медициналық еріктілер мектебінде вебинар өткізілді.

«Медициналық еріктілер мектебі» Қазақстанда аналогы жоқ әлеуметтік жоба болып табылады және күннен күнге еліміздің медициналық жоғары оқу орындары мен колледждер тарапынан қызығушылық артып келеді. Жоғары оқу орындары мен колледждер өз аудандарында медициналық еріктілікті дамытуға ынталанып жатыр. Осыған байланысты, келісім орнатылған бірнеше облыстарда студенттердің қысқы демалысынан кейін бірден жұмыс басталып кетеді.

2021 жылдың 31 қаңтарына дейін Ақтау, Семей, Түркістан, Ақтөбе, Талдықорған, Орал, Өскемен және Петропавл қалаларында «Медициналық еріктілер мектебі» ашылады. Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Талдықорған жоғары медициналық колледжімен волонтерлік қызмет саласындағы ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылады. Сондай-ақ, Талдықорған қаласында «Медициналық еріктілер мектебі» ашылуы жоспарланған. Еріктілердің облыстық денсаулық сақтау мекемелері жүргізетін профилактикалық іс-шараларға қатысуы қарастырылып жатыр.

«ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ ҚОҒАМЫ» ҚБ

Қамту аймағы: Қарағанды облысы

Қоғамдық бірлестік жобаға тартылған аумақтардағы тұрғындар арасынан мобильді топтарды құру жұмыстарын аяқтады:

  • Қарағанды қаласында «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» атты 4500 үнпарақ таратылды, 20 ерікті оқытылды және 6 аудан жобаға тартылды.
  • Шет ауданында 20 еріктінің күшімен 3000 үнпарақ таратылды.
  • Осакаров ауданында 2500 үнпарақ таратылып, 15 ерікті жобаға тартылды.
  • Бұқар жырау ауданында 2500 үнпарақ таратылды және 18 ерікті оқытылды.

Сондай-ақ, «Қызыл жарты ай қоғамы» қоғамдық бірлестігі аудандық төтенше жағдайлар бөлімшелерінің қолдауымен 6 онлайн семинар өткізді. Барлығы 135 ерікті оқудан өтті. Оның ішінде 125-і жобаға тартылды. Алған білімдерін тәжірибе жүзінде Шет және Осакаров аудандарында офлайн режимінде тексерді. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты шараларды алдын ала жоспарлау қиынға соғады.

Осы айда еріктілерді офлайн режимде оқыту Бұқар жырау ауданында өтеді. Сонымен қатар ақпараттық материалдарды тарату, аумақтар бойынша тәуекел карталарын құру және төтенше жағдай кезінде ұстанатын жоспарларды дайындау жұмыстары жалғасады.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«QOLDA» жедел жәрдем жобасы: 2020 жылдың желтоқсан айындағы нәтижелер

Келесі жаңалық

Елді шулатқан заң жобасын депутаттар кері қайтарып алды

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Өскеменде отқа оранған үйден мүгедек әйел құтқарылды
Категориясыз

Өскеменде отқа оранған үйден мүгедек әйел құтқарылды

Наурыз 7, 2021
Алматыда 31 жастағы ер адам алтыншы тәулік іздестіріліп жатыр
Категориясыз

Алматыда 31 жастағы ер адам алтыншы тәулік іздестіріліп жатыр

Наурыз 7, 2021
Алматы облысында «Қапал-Арасан» жолы жабылды
Категориясыз

Ақтөбе облысында бірнеше бағыттағы жол жабық

Наурыз 6, 2021
Алматылықтар «Медеудегі» ақылы тұраққа наразы болды
Категориясыз

Алматылықтар «Медеудегі» ақылы тұраққа наразы болды

Наурыз 6, 2021
Жамбыл облысында өрт болып, бес бала қаза тапты
Басты

Жамбыл облысындағы бес баланың қазасынан кейін әкім қызметінен босатылды

Наурыз 5, 2021
Алмат Сақатов көпшіліктен көмек сұрады
Категориясыз

Алмат Сақатов көпшіліктен көмек сұрады

Наурыз 4, 2021
Келесі жаңалық
Елді шулатқан заң жобасын депутаттар кері қайтарып алды

Елді шулатқан заң жобасын депутаттар кері қайтарып алды

Нариман Табынбаев пен Жандарбек Бекшин қандай вакцина салдыратынын айтты

Нариман Табынбаев пен Жандарбек Бекшин қандай вакцина салдыратынын айтты

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Тоқаев қазақстандық әйелдерді мерекесімен құттықтады

Тоқаев қазақстандық әйелдерді мерекесімен құттықтады

Наурыз 8, 2021
Елді шулатқан заң жобасын депутаттар кері қайтарып алды

Елді шулатқан заң жобасын депутаттар кері қайтарып алды

Қаңтар 27, 2021
Бекшин өз мекемесіндегі 55 млн теңгеге қатысты заңбұзушылық туралы ақпаратты жоққа шығарды

Бекшин өз мекемесіндегі 55 млн теңгеге қатысты заңбұзушылық туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қараша 28, 2020

Топ жаңалықтар

  • Жамбыл облысында өрт болып, бес бала қаза тапты

    Жамбыл облысында өрт болып, бес бала қаза тапты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қалалық онкологиялық орталығы Қазақстандағы онкологиялық диспансерлердің арасындағы ең мықтысы болып танылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қаласының педиатр-дәрігері COVID-19 инфекциясын балалар қалай көтеретіні туралы айтты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қаласында травматологтар 84 жасар сүйектері күрделі сынған әйелге операция жасады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жаңатастағы 5 бала көз жұмған өрттің алдын ала себебі айтылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Соңғы жазбалар

  • Мемлекет басшысының таңғы серуендегі фотосы жарияланды
  • Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
  • Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

Санаттар

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.