қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«QOLDA» жедел жәрдем жобасы: 2020 жылдың желтоқсан айындағы нәтижелер

Агзам Текенов by Агзам Текенов
Қаңтар 27, 2021
«QOLDA» жедел жәрдем жобасы: 2020 жылдың желтоқсан айындағы нәтижелер

Желтоқсан айында «QOLDA» шұғыл көмек бағдарламасының грант иегерлері атанған алты ҮЕҰ орасан зор жұмыс атқарды. Олар жылды қорытындылап, 2021 жылға іс-шаралар жоспарын құрды.

Байланысты

Қазақстандық жылжымайтын мүлік нарығы тоқтап қалудан шығуда – Freedom Finance Global

Павлодарда студентке қол көтерген колледж оқытушысының үстінен іс қозғалды

Жыл басынан бері 6 оқушы есірткі қылмысын жасады

Біз 2020 жылдың 1 желтоқсан мен 15 желтоқсан аралығында жасалған шараладың нәтижелерімен бөліскіміз келеді.

«ЖАНҰЯ» ОТБАСЫНЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

Қамту аймағы : Алматы облысы Жамбыл ауданы

Өткен аптада қор «GENESIS» бағдарламасы бойынша оқытылатын мектептер мен колледж психологтарының тізімін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ, «Ресурс» балалардың психикалық жағдайын диагностикалау жүйесі» автоматтандырылған бағдарламаның көмегімен тестілеу нәтижелері шығарылды. Алматы облысының Іле ауданында орналасқан 47 мектептің 7-11 сыныптарында және 2 колледжінде өткізілген тестілеу нәтижелері бойынша тәуекел аймақтарына түскен балалардың тізімдері және тест нәтижелері туралы жалпы есеп жасалады. Жақын күндері «GENESIS» авторлық бағдарламасы бойынша оқытушы-психологтарын оқыту курсын бастау жоспарлануда.

««QOLDA» бағдарламасы аясында «Ресурс» балалардың психикалық жағдайын диагностикалау жүйесі» автоматтандырылған бағдарламаның көмегімен зерттеу жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл бағдарлама физикалық, психологиялық, жыныстық және басқа зорлықзомбылықтың құрбаны болған балаларды, сондай-ақ, девиантты және суицидтік мінез-құлықтары бар балаларды анықтауға мүмкіндік береді. Анықталған балалармен тиімді психокоррекциялық жұмыс жүргізу үшін жоба аясында мектептер мен колледждердің оқытушы-психологтар мамандарымен оқыту және дайындау курсы өткізіледі», – » Жанұя «.

«ЗАҢ ТАЛАБЫ» ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Қамту аймағы: Шымкент қ. және Түркістан облысы

Соңғы екі аптада ұйымның адвокаты келіп түскен өтініштер бойынша 42 консультация берді. Оның 28 физикалық зорлық-зомбылық, 1 — жыныстық зорлық-зомбылық, 13 психологиялық зорлық-зомбылық бойынша. 29 бенефициарға уәкілетті органдарға жүгіну үшін процессуалдық құжаттар жасалды. Психолог көмекке жүгінген 7 әйел мен 1 кәмелетке толмаған қыздың психоэмоционалды жағдайын түзету бойынша кеңестер өткізді. Отбасылық зорлық-зомбылық бойынша 42 бенефициар сенім телефонына жүгінді. Сенім телефоны операторы алғашқы кеңес беріп, оларды адвокат пен психологқа бағыттады. Барлық өтініштер Excel мәліметтер базасында сақталады. Ай сайын жоба координаторы ұйымнан түскен өтініштерді бақылап отырады. «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әрекет ететін 16 күн» халықаралық акциясы аясында келесі шаралар ұйымдастырылды:

— Facebook әлеуметтік желісінде сұрақ-жауап форматында өткен тікелей эфир;

— Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігімен бірге ашық есік күні өткізілді;

— 50-ге жуық ауыл-аймақтарда тұратын әйелдерге (Түркістан, Арыс, Шардара, Сарыағаш, Жетісай, Ақсукент, Түлкібас және Төле би ауданы) «Гендерлік және цифрлық құқықтар» атты үш тренинг өткізілді:

— Шымкент қалалық № 5 емханасында медициналық қызметкерлер мен емхананың пациенттері үшін #Stopviolence ақпараттық науқан өткізілді.

Сондай-ақ, «Заң Талабы» құқық қорғау орталығының қызметкерлері рецидивтің алдын алу мақсатында әйелдерге зорлық-зомбылық жасаған 5 ер адаммен жұмыс жүргізді. Психолог депрессияға ұшыраған ер адамдарға кеңес берді.

Алдағы екі аптада сенім телефонына келіп түсетін өтініштерді қабылдап, құқықтық және психологиялық көмек көрсетуді жалғастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ауыл-аймақтарда тұратын әйелдер мен жастарға арналған «Гендерлік және цифрлық құқықтар» тақырыбында тренингтер өткізіліп, танымал блогерлердің назарын тұрмыстық зорлықзомбылыққа аударту жоспарланған.

«ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ ҚОҒАМЫ» ҚБ

Қамту аймағы: Қарағанды облысы

Қоғамдық бірлестік жобада жұмыс істейтін 112 еріктімен келісімге қол қою жұмысын жалғастыруда. Олардің ішінде 62 ерікті үшін төтенше жағдайлар бойынша 3 оқыту семинары өткізілді. Сондай-ақ, тұрғындар арасынан мобильді командаларға қолдау көрсететін топтар құрылуда. Мобильді командалардың күшімен тұрғындарға қауіпсіз аймақта өмір сүру дағдылары мен білім беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Униформа тігіліп жатыр. Жақын арада «Қызыл Жарты Ай Қоғамы» қоғамдық бірлестігі арнайы әзірленген әдістеме бойынша еріктілер арасында семинар-тренингтер өткізіп, төтенше жағдайлар туралы дайындалған үлестірме мәліметтерді таратады. Сондай-ақ, мобильді командаларын қолдау топтарын құру және тұрғындар арасында қауіпсіз өмір сүру дағдыларын насихаттау бойынша жұмыс жалғасады.

«Біз жеке секторларда жылу беру мауысым барысында (желтоқсан, қаңар, ақпан айлары) осы тақырып бойынша акциялар өткізуді жоспарлап отырмыз. Географиясы мен тақырыптар кеңейеді. Қарағанды қаласы мен бүкіл облысты қамтимысз деп отырмыз (Осакаров ауданы, Бұқар жырау ауданы, Шет ауданы). Бұл аудандардың барлығы «Qolda 2.0» шұғыл көмек бағдарламасы аясында жасалып отырған «Инфо щит» жобасына кіреді. Осы жылдың желтоқсан айында біз кем дегенде 4 акция өткіземіз. Олар: «Абайла, қыс: жолға жиналу ережелері» «Мұздағы жүріс-тұрыс ережелері», «Мұздағы сақтық ережелері», «Төтенше жағдайлар кезіндегі мінез-құлық ережелері», — » Қызыл жарты ай қоғамы «.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАСТАРЫ» ҚБ

Қамту аймағы: Шымкент қ. және 14 облыс

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Көкшетау мен Қарағанды қалаларында еріктілер мектебінің оқушылары үшін ашылу және таныстыру сабағы өткізілді. Сабақты шақырылған маман-терапевт Тілеубек Нұридин Талғатұлы өткізді. Ол карантиндік ауруханада және жедел еріктілер штабында төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген тәжірибелі медициналық ерікті. Сабақ барысында шақырылған мамантерапевт жобаның өзектілігін атап өтіп, қатысушыларды жұмыс жоспарымен таныстырыды. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып сессиялар Cisco Webex сайтында ұйымдастырылды. Жобаның ұйымдастырушылары теориялық блок практикалық қызметпен тығыз байланысты болу керек деп есептейді. Сондықтан қазіргі уақытта оңтүстік және батыс аймақтардың үздік медициналық мекемелерімен келіссөздер жүргізілуде. Осы жылдың соңына дейін Ақтөбе, Тараз, Талдықорған қалаларында медициналық еріктілер мектебін ашу жоспарлануда. Өңірлерде серіктестер табу бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Еріктілердің денсаулық сақтау мекемелері жүргізетін профилактикалық ісшараларға қатысуы қарастырылуда. Еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында орналасқан медициналық мекемелері жобаға қызығушылық танытып жатыр. Бірлескен жұмыс нәтижесінде сол аймақтарда ерікті дәрігерлер базасы құрылды.

«ҰЛАҒАТ» ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

Қамту аймағы: Шығыс-Қазақстан облысы

«Ұлағат» Жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері Шығыс Қазақстан облысының ауылдық округтерінің әкімдіктеріне төтенше жағдайларда әрекет ететін еріктілерді даярлау жайында ынтымақтастық туралы хаттар жолдады. Сонымен бірге табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлары туралы чек-парақшалар жасалуда. Еріктілер базасын біріктіру мақсатында бұрын еріктілерді оқыту бойынша жобаларды жүзеге асырған ҮЕҰ-мен келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, еріктілерді оқыту жоспарланған. Жақын күндері бірлестік сценарий жазып, бейнероликтер түсіретін маман іздестіруге кіріседі, сонымен қатар чек-парақшаларын жасау бойынша жұмысты жалғастыра отырып, потенциалды еріктілермен келіссөздер жүргізіледі деп жоспарлауда. Жақын арада мобильді қосымшаның логотипін әзірлеу және мобильді қосымшалардың макетін дайындау бойынша жұмыстар басталады.

«ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМДАСТЫҚТАР» ҚОРЫ

Қамту аймағы: Алматы облысы Шелек ауылдық округі

1 желтоқсан мен 15 желтоқсан аралыңында қор жобаға қатысушылармен (потенциалды бенефициарлар) қосымша презентациялық кездесулер өткізіліп, Қауымдастықтар кеңесінің отырысы ұйымдастырылды, сонымен қатар балаларға жаңа жылдық сыйлықтар дайындаудың жоспары жасалып бекітілді. Мұқтаж жандар мен қайырымды жандар толтырған сауалнамаларды жинау жалғасуда. Олар онлайн түрінде де, қағаз түрінде де толтырылады. Бір реттік қайырымдылық көмекке онлайн-өтінім толтыру үшін көптеген сұрақтар мен телефон қоңыраулары түсті. Соған байланысты қор қызметкерлері егжейтегжейлі нұсқаулар әзірледі. Жобаның шын екендігіне көз жеткізу мақсатында мұқтаж жандардың көпшілігі қордың кеңсесіне келіп өтінішті қағаз жүзінде толтыруды жөн көретіндігіне байланысты, осындай кездесулер кезінде қызметкерлер кеңес беру жұмыстарын жүргізіп отырды. Соңғы екі аптада жоба үйлестірушілері келіп түскен тізімдер мен өтінімдерді әзірлеп, оларды тексеріп шықты. Барлық деректер бірыңғай мәліметтер қорына енгізілді. Қорға киімдер мен аяқ киімдер әкелініп, мүгедек балаларға жаңа жылдық сыйлықтар жасауға бағытталатын жеке адамдар мен ұйымдардан алғашқы ақшалай жәрдем түсе бастады. Алдағы екі аптада жедел көмекке мұқтаж отбасылардың тізімдерін өңдеу бойынша жұмыстар жоспарланып, «Шелек фермерлері» АШӨК-мен презентациялық кездесу өткізіледі деп күтілуде. Сондай-ақ, еріктілердің көмегімен мүгедек балалар мен мұқтаж отбасыларының балаларына жаңа жылдық сыйлықтар жиналып, Аяз ата мен аниматорлардың қатысуымен құттықтау ұйымдастырылады және тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік қораптары, жылы киім мен аяқ киім жеткізіледі.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда доллар бағамы өсті

Келесі жаңалық

«QOLDA» жедел жәрдем жобасы: 2021 жылдың қаңтар айындағы нәтижелер

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Қазақстандық жылжымайтын мүлік нарығы тоқтап қалудан шығуда – Freedom Finance Global
Категориясыз

Қазақстандық жылжымайтын мүлік нарығы тоқтап қалудан шығуда – Freedom Finance Global

Қазан 2, 2023
Павлодарда студентке қол көтерген колледж оқытушысының үстінен іс қозғалды
Категориясыз

Павлодарда студентке қол көтерген колледж оқытушысының үстінен іс қозғалды

Қазан 2, 2023
Жыл басынан бері 6 оқушы есірткі қылмысын жасады
Категориясыз

Жыл басынан бері 6 оқушы есірткі қылмысын жасады

Қазан 2, 2023
Ақтауда Валерия Шалнованың ісіне қатысты мән-жай айтылды
Басты

Ақтауда Валерия Шалнованың ісіне қатысты мән-жай айтылды

Қазан 2, 2023
Астанада көлік аялдамадағы адамдарға соғылды
Категориясыз

Астанада көлік аялдамадағы адамдарға соғылды

Қыркүйек 29, 2023
Ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеунігі мемлекетке сегіз миллион теңгеге жуық шығын келтірген
Категориясыз

Ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеунігі мемлекетке сегіз миллион теңгеге жуық шығын келтірген

Қыркүйек 29, 2023
Келесі жаңалық

«QOLDA» жедел жәрдем жобасы: 2021 жылдың қаңтар айындағы нәтижелер

Елді шулатқан заң жобасын депутаттар кері қайтарып алды

Елді шулатқан заң жобасын депутаттар кері қайтарып алды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Parimatch «Челсиді» әлем чемпионы атануымен құттықтайды

Parimatch «Челсиді» әлем чемпионы атануымен құттықтайды

Ақпан 23, 2022
Нығматулин мен Әлсейітов Nur Otan партиясының саяси кеңесі құрамынан шығарылады

Нығматулин мен Әлсейітов Nur Otan партиясының саяси кеңесі құрамынан шығарылады

Наурыз 1, 2022

Online Dating Usernames Instances – Making Your Profile Stand Out From the Crowd

Маусым 13, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады

    Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тарыдай шашылған: Әлемде қанша қазақ бар?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ЖСН арқылы тұрғын үйге кезекке тұру үшін не істеу керек: Нұсқаулық

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Atamekenim.kz сайтында өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Соңғы жазбалар

  • Қазақстандық жылжымайтын мүлік нарығы тоқтап қалудан шығуда – Freedom Finance Global
  • Алматылық педиатр балаларда болатын гепатит белгілері туралы айтты
  • Павлодарда студентке қол көтерген колледж оқытушысының үстінен іс қозғалды

Санаттар

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.