Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болды
Атырау облысында жол апатынан жүргізуші мен кішкентай баламерт болды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бүгін, 23 қаңтарда сағат 11:00 шамасында «Атырау-Индер» жолында «Granta» мен «KIA RIO» көліктері соқтығысқан. Жол апатынан көлік жүргізушісінің бірі мен кішкентай бала көз жұмған.
Көліктегі жолаушының бірі 18 жастағы бозбала ауыр жарақатпен ауруханаға түсті.