Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

Қазақстанда өткен тәулікте 100 адам пневмонияға шалдыққан, деп хабарлайды Qazaqpress.

«Кеше коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 100 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 74 адам емделіп шықты», – делінген ведомствоның хабарламасында.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны — 47 311, өлім жағдайлары — 550, барлығы 35 055 адам сауығып шықты.