Коррупцияға қарсы күрес қоры Владимир Путиннің Геленджик қаласы жанындағы сарайы жайында материал жариялады, деп хабарлайды Qazaqpress Centralasian.org-ке сілтеме жасап.
Бұл зерттеу Коррупцияға қарсы күрес қорының негізін қалаған Алексей Навальный Германиядан Ресейге келгеннен кейін 30 тәулікке қамалған күні жарияланды.
Зерттеу жұмысы Навальный ұсталғанға дейін дайындалған. Бұл деректі фильм 2 сағатқа созылады, фильмді дайындауға Навальныйдың өзі қатысқан.
«Путин сарайы» Қара теңіздің Геленджик жағалауында 2005–2010 жылдары салынған. Бұл сарайдың президент үшін салынғанын 2010 жылы кәсіпкер Сергей Колесников мәлімдеген. Ол жоба құнын 1 млрд долларға бағалаған.
Коррупцияға қарсы күрес зерттеуінде сарайды қаржыландыру схемасы жан-жақты айтылған, сонымен бірге оның интерьері де көрсетілген.
«Бұл Ресейдегі ең қорғалатын нысан. Былайша айтқанда, мемлекет ішіндегі мемлекет. Бұл Путиннің ең үлкен құпиясы. Нысанды жүздеген, тіптен мыңдаған адам күзетеді. Фильмде сарайдың құрылысын тарихтағы ең үлкен жемқорлық», — деп атайды.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз