Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды

Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды

Бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі төрт айға ұзартылды, деп хабарлайды Qazaqpress Kursiv.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко айтты

— Кеше сот отырысы өтті, онда Біртановты қамауға алу төрт айға дейін ұзартылды. Ақпан айының аяғына дейін, — деді Куряченко.

Бұған дейін Елжан Біртанов 7 қарашадан бастап үй қамағына алынғаны хабарланған болатын.