Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Алматыда жаңа шектеулер енгізілді

Агзам Текенов by Агзам Текенов
9 декабря, 2020
Алматы «сары» аймаққа оралды

Алматыда жаңа шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды

Respublica сайлауалды бағдарламасы мен партиялық тізімін бекітті

Мұндай шешім вице-премьер Ералы Тоғжанов пен Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың және қаладағы 70-тен аса аурухана мен емхана бас дәрігерлерінің қатысуымен өткен онлайн кездесуінде қабылданды.

Жиында қазіргі эпидемиологиялық жағдайдың өзекті мәселелері мен мегаполисте COVID-19 таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мынадай тапсырмалар берді:

— қызметкерлер саны 15 және одан да көп ұйым қызметкерлерінің 60-80 пайызын қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшіру, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде қосымша кезекші топтар, қала мектептерінде кезекші сыныптар ашуды тоқтата тұру;
— жексенбі күндері санитарлық күнге жабыла отырып, СОО, сауда объектілерінің жұмысын сенбі күні сағат 17.00-ге дейін шектеу;
— қоғамдық тамақтану орындарының, оның ішінде сауда және ойын-сауық орталықтарында орналасқан нысандардың қызметіне сағат 7.00-ден 23.00-ге дейін, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, бас санитар дәрігер қаулысының талаптарын сақтай отырып, отыратын орындар саны 50-ден аспаған жағдайда қызметіне рұқсат ету;
— өнеркәсіптік, құрылыс, көлік кәсіпорындарының қызметкерлерін жұмысқа жеткізу және тасымалдау үшін ұйымдарға қызметтік көлікті ұсыну;
— бас санитар дәрігер қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ХҚКО жұмысын ұйымдастыру;
— тестілік режимде жұмыс істеу кезінде белгіленген шектеу шараларын сақтай отырып, туризм объектілерінің жұмысын жалғастыру.

Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша Алматы сары аймақта орналасқан. Вирус жұқтырғандар саны 0,2 пайызға өсті, таралу коэффициенті 1-ден жоғары.

Жұқтыру ошақтарының ең көбі Бостандық, Алмалы, Әуезов және Медеу аудандарының аумағында орналасқан.

Ақпарат бойынша, өсім себептері мен жұқтыру көздері — қоғамдық орындарға бару, үй, қалалық көлік, жұмыс орны бойынша байланыс, сондай-ақ шет елдерден әкелу.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Сонымен қатар, ПТР тестілеу құнының төмендеуіне байланысты қалалықтардың өзін-өзі хабарлауы бойынша жүргізілген зерттеулер саны артты, бұл статистикалық деректерде де көрініс табады (пандемия басталғаннан бері Алматыда 668 мың талдау жүргізілді, оның 294,5 мыңында қалалықтар өзі барған)», — делінген хабарламада.

Халық арасында вирус жұқтыруды азайту мақсатында қала әкімшілігі шектеу режимінің сақталуын бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдады.

«Биыл қазаннан бастап 32 мониторингтік топ 518 іс-шара өткізді, оның шеңберінде 4264 нысан қамтылды. 956 нысанда (23 пайыз) талаптарды бұзу деректері анықталды. Шектеу іс-шараларын сақтамағаны үшін 789 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, оның ішінде маска тағу режимін бұзғаны үшін 592 жеке тұлғаға толтырылды. 13 материал сотқа берілді», — делінген хабарламада.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Бір тәулікте тағы 215 адамнан пневмония анықталды

Келесі жаңалық

Нұрлан Нығматулин: Бұқаралық спортты дамыту басты міндеттердің бірі

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды
Мәдениет

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

19 июля, 2026
Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды
Мәдениет

Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды

16 июля, 2026
Respublica сайлауалды бағдарламасы мен партиялық тізімін бекітті
Басты

Respublica сайлауалды бағдарламасы мен партиялық тізімін бекітті

4 июля, 2026
KMF Банк пен Түркі инвестициялық қоры 10 млн АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру туралы келісімге қол қойды
Басты

KMF Банк пен Түркі инвестициялық қоры 10 млн АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру туралы келісімге қол қойды

3 июля, 2026
KMF Банк пен ЕҚҚДБ Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдауға жалпы сомасы 50 млн долларды құрайтын екі келісімге қол қойды
Басты

KMF Банк пен ЕҚҚДБ Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдауға жалпы сомасы 50 млн долларды құрайтын екі келісімге қол қойды

1 июля, 2026
Respublica партиясы: кәсіпкерлік пен жастар — басты назарда
Саясат

Respublica партиясы: кәсіпкерлік пен жастар — басты назарда

26 июня, 2026
Келесі жаңалық
Нұрлан Нығматулин: Бұқаралық спортты дамыту басты міндеттердің бірі

Нұрлан Нығматулин: Бұқаралық спортты дамыту басты міндеттердің бірі

Ұлыбритания соты Болат Өтемұратовтың активтерінен шектеуді алып тастады

Ұлыбритания соты Болат Өтемұратовтың активтерінен шектеуді алып тастады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Тоқаев: Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ЖЕЭК отырысы өтеді

14 октября, 2021
Жетісуда балалар қауіпсіздігі мен оларды тамақтандыру мәселесіне қоғамдық бақылау жүргізілді

Жетісуда балалар қауіпсіздігі мен оларды тамақтандыру мәселесіне қоғамдық бақылау жүргізілді

4 декабря, 2025
Бибісара Асаубаева Мәскеуде жеңіс тұғырынан көрінді

Бибісара Асаубаева Мәскеуде жеңіс тұғырынан көрінді

8 марта, 2024

Топ жаңалықтар

  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.