Алматыда құрылысы бітпеген ғимаратта өрт шықты

Алматыда құрылысы бітпеген ғимаратта өрт шықты

Алматыда Шагабутдинов пен Шевченко көшесінің қиылысында құрылысы бітпеген ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Өрт сөндірушілер келгенде жаңадан салынып жатқан көп қабатты үйдің екінші қабатында 10 шаршы метр аумақта құрылыс материалдарының жанып жатқанын анықтады», – деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Төтенше жағдай салдарынан жапа шеккендер жоқ.