Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

Қазақстан қор биржасында (KASE) 9 желтоқсандағы күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 419,97 теңгені құрады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE-ге сілтеме жасап.

8 желтоқсан кешімен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 1,16 теңгеге төмендеген.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 420,99 теңгеден сатылса, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 420,94 теңгеден сатылып жатыр.