Жексенбі күні елордада қалың қар жауады
Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сүйене отырып 29 қараша түнде қатты қар жауатынын еске салды.
«Кей уақытта жаяу бұрқасын соғады» деп ескертеді департаменттен.