Бақытжан Сағынтаев: Алматы «сары» аймаққа кірді

Бақытжан Сағынтаев: Алматы «сары» аймаққа кірді

Алматы коронавирус жұқтыру қаупінің «сары» аймағына кірді, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-да жазды.

«Құрметті алматылықтар. Биылғы 2020 жыл біз үшін үлкен сабақ болды. Ең бастысы — босаңсымау. Пандемия басылған жоқ. Бүкіл әлемдегі жағдай да ушығып тұр. Алматы жұқтыру қаупінің «сары» аймағына енді. Баршаңызды санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырамын. Жағдай күрделенсе, режимді күшейтеміз», — деді әкім.