Алматыда метро пойыздарының жүру кестесі өзгерді
Алматыда 28 қарашадан бастап метроның жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Құрметті жолаушылар, 28 қарашадан бастап метрополитен жаңа кестемен жұмыс істейді. Жұмыс күндері пойыздардың 6-4-3 құрамы 8-13-17 минут интервалмен шығады. Демалыс күндері 4-3 пойыз 13-17 минут интервалмен шығады» деді метрополитен басшылығы.
Жерасты жүрдек пойыздарының жұмыс кестесімен «Метрополитен Алматы» қосымшасында танысуға болады.