Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 2024 қазақша жаңалықтар бүгінгі - Qazaq Press Wed, 15 Feb 2023 06:36:39 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.5.2 https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2020/11/qazaqpress-favicon-75x75.png Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ — Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz https://qazaqpress.kz 32 32 Жүректен жүрекке жеткен сый https://qazaqpress.kz/2023/02/15/zhuerekten-zhuerekke-zhetken-syj/ https://qazaqpress.kz/2023/02/15/zhuerekten-zhuerekke-zhetken-syj/#respond Wed, 15 Feb 2023 04:40:36 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=51066 «Өмір кітаптан басталған, кітаппен адам бапталған». 14 ақпан күні «Отырар» Ғылыми кітапханасында Халықаралық кітап сыйлау күні өтті.

Тілшіміз мерейге орай ұйымдастырылған «Шын жүрекпен кітап сыйла» акциясына қатысып, өнер иелерінің туындысына біраз қанығып қайтты. Орыс жазушысы М. Горький «бойымдағы бар жақсы қасиетім үшін кітаптарға алғыс» демекші, құшағында кітаппен өскен адам дүниеде жоғалмайтынына бүгін тағы да көзіміз жетті. Ең жақсы сыйлық – кітап демекші, біз де елден қалыспай мақала соңында нағыз кітапсүйгіштерге арнап шағын сый дайындап қойдық.

Кемел тұлға, кемеңгер

«Отырар» Ғылыми кітапханасының директоры, Бақытжан Оразалиев «біз бұл мерейді жыл сайын әртүрлі форматта өткіземіз. Осы жылы барша кітапсүйер қауыммен рухани байлығымызбен алмасып, кітап сыйлау күнін өткізуді жөн көрдік», – деп алғашқы кітабын тарту етіп, іс-шараның басын ашты.

Қатысушылар арасында жомарттығымен қайран қалдырған профессор, Серік Негимов кітапханаға жеке жинағынан бір қап кітап сыйлады.

Ақын, балалар жазушысы Татьяна Никитина болса авторлық жинағымен бөлісіп, балаларға арналған кітап сөрелерін толықтырды.

«Бұл іс-шара оқырмандар мен жазушыларға арналған кері байланыс алаңындай көрінді. Не дегенмен, жазушыларға жазуды үйреткен – оқырмандары, оқырманға кітап сүйдірткен – жазушылары», деген АҚ «KTZ  Express» директоры, Ерлан Тулендиевтің сөздерімен келісеміз.

Ал тележурналист, Лидия Тришечкина әдебиет редакторлығына байланысты өзінің салалық кітабымен және марқұм күйеуінің өсиеті бойынша оның авторлық жинақтарымен ғылыми бөлімнің сөрелерін байытты.

«Интернет бүгін бар, ертең жоқ. Оны өзіміз де көріп, басымыздан өткердік, білеміз», – деді елордалық AVANGARD ақындар тобының мүшесі, Юлия Набатова.

Оның пайымдауынша, адамзаттың заман озғанменен кітапқа деген мұқтаждығы, көркем туындылар мен адам нейрондарын жалғайтын білімнің қайнар бұлағына деген сұраныс ешқашан өшпейді, ал пікірін өзі шығарған өлеңімен қуаттады.

Л.Н.Гумилев атындағы жоғары оқу орнының студенттері де дүйім жұртты күй, өлеңмен дүр сілкіндірді. Бірақ, кітап сыйлау күні сияқты «асыл да жасыл мерекеде» құр қол келуге бола ма? ЕҰУ жастары да өздерімен сыйға тарту үшін жадында жатқан, жүрегін жаққан кітаптарын қысқаша таныстырып, кітапханаға табыстады.

Мыңатай Қыстаубайұлының «Жиырмасыншы ғасырдың қазағымын» атты соғыс ардагерінің кітабы ерекше көзімізге түсті. Талшын есімді туризм мамандығының 4 курс студенті атасының өлең жинақтарын жарыққа танытып, мерейін асқақтатып жүр. Сәттілік тілейміз талапты жасқа!

Сонымен қатар іс-шараға AVANGARD ақындар тобының жетекшісі, Дина Ораз, «Фолиант» кітап баспасының өкілдері, «Жастар департаментінің» бас қызметкері Толағанай Насихатқызы және т.б. қатысты.

Біреулер мұқабасымен алдаса, біреулер мазмұнымен қайран қылады. Халық айтса, қалп айтпас. Сондықтан, іс-шараның қадірлі қонақтары кітап тақырыбына қатысты викторинада бағын сынап, Халықаралық кітап сыйлау күні қатысушылардың марапаттау рәсімімен қорытындыланды.

Төменде арнайы сіздер үшін кітапханаға сыйға берілген кейбір кітаптардың тізімін жазып, бірнеше электронды кітап дүкендері мен кітапсүйгіштердің telegram арналарын қалдырдық. Мереке құтты болсын, ағайын!

Кітаптар:

  • «Литературное и техническое редактирование текстов» – Лидия Тришечкина
  • «Жиырмасыншы ғасырдың қазағымын» – Мыңатай Қыстаубайұлы
  • «Малик Ғабдулин» – Серік Негимов
  • «Бельчонок Чёма», «Ума Палата», «Зайчик» – Татьяна Никитина
  • «Люблю» – Юлия Набатова
  • Бір топ жалынды жандардың таңдаулы шығармалары «Альманах» – WEB әдебиет KZ
  • «Друкер күнделігі» – Питер Друкер
  • «От пен су» – Иманғазы Нұрахметұлы
  • «Бітеу жара» – Рамазан Тоқтаров
  • «Мой блог – мой стиль» – Аня Гетьман
  • «Хадистер жинағы» – Риядус Салихин
  • «Махаббат, қызық, мол жылдар» – Әзілхан Нұршайықов
  • «Бизнес без MBA» – Максим Ильяхов, Олег Юрьевич
  • «Өмірдің мәні» – Кәмшәт Бекжігітова

Сайттар тізімі:

Егер эл. кітап оқу платформасын таңдауда қиындық туса, Play Market Google play-дегі Eboox қосымшасын кеңес етеміз.

]]>
https://qazaqpress.kz/2023/02/15/zhuerekten-zhuerekke-zhetken-syj/feed/ 0
ЕҰУ танымалдылықтың жолы ма? https://qazaqpress.kz/2022/12/01/euw-tanymaldylyqtyng-zholy-ma/ https://qazaqpress.kz/2022/12/01/euw-tanymaldylyqtyng-zholy-ma/#respond Wed, 30 Nov 2022 21:52:56 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=50115 Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің аға буыны кәсіби эстафета ұсынғандай болды, ал студент өз еркімен университетке танымалдылық іздеп түсті.

«Media center» медиа клубы және Endowment Fund бірігіп, 30 қараша күні ЕҰУ студенттері мен түлектердің кездесу іс-шарасын өткізді. Негізі, бұл Еуразия ұлттық университетінің түлектер мен студенттерге арнап өткізілген екінші іс-шарасы еді. Еске сала кетелік, 2022 ж. 20 мамырында Alumni day атты түлектермен кездесу іс-шарасы өткентін.

Бірақ, бүгінгі іс-шараның форматы ЕҰУ стандарттарынан кішкене ауытқып, бейресми түрде өткізілді. Ең қызығы, бұл жолы жастар creative танытып, 2 сағаттық ресми лебізді тілектер мен құрғақ алғыстардың орнына қызықты ойындар мен жастық шақтың жасыл бағына баса назар аударды.

Кеш үстінде түрлі конкурстар мен топтық ойындар ұйымдастырылды, бірақ іс-шараның басты қызығы лотерея еді. Кеш қарсаңында «Медиа» клубы әрбір келер қонақты онлайн түрде алдын ала тіркеп, әрқайсысына кеш үстінде жеке лотерея сандарын таратқан болатын. Лотерея ұйымдастырушылары ойынға символизм мен отбасы, достық құндылықтарын енгізуге тырысқаны көрініп тұрды.

Мәселен, ұтыстардың бірінде күрте ойнатылған болатын. Ойыншыларға бір-бір алтын сағат ұстатылмаса да алтындай қымбат шақтың қызығы ұсынылды. Шыны керек, күртенің қалың матасы ызғарлы қыста жылы күртеге оранып, батареяның қасында ыстық кофе ішуге тартатынын жоққа шығару қиын.

Ал, университеттің алтын түстес төсбелгісі – ЕҰУ жаздай жайқалар жандардың ұясы деген символизм сынды көрінді бізге.

Сонымен қатар 30 қараша күні Стратегиялық даму жөніндегі проректор Думан Рамазанович пен Қоғаммен байланыс факультетінің 1-курс студенті Казанюк Владиславтың туған күні екені анықталды.

Владислав ұйымдастырушылардың бірі әрі белсенді қатысушы ретінде іс-шара керемет өткенін және бір күнде бірнеше жүрек толқытар оқиғалардың орын алғанын ауқымды тіл байлығымен жеткізді. Оның үстіне, ол ЕҰУ-дің аты шыққан азаматтарына аң-таң болып, осы университетке түсу шешімін қабылдағанын айтты.

«Менің ойымша, біздің университет танымал әрі мықты түлектердің ұясы. Айтпақшы, 11 сыныпта университет таңдаған кезімде дәл осы университетті таңдауға итермелеген себептердің бірі… Жоқ, бұл менің таңдауым, сол таңдауыма негізі [университеттің] аты және даңқы дүркіреген тұлғалар себеп болды. Тіпті міне, қазір айналама қарап отырып, ЕҰУ – бұл расымен де бір алып отбасы екенін көріп отырмын», – деді ол.

Түлектер мен студенттер аға буынның алдында жылдам өсіп-өніп келе жатқаны жүрегімізді тебірентті.

Ұйымдастырылған кеш болашақ кәсіби мамандардың бейресми жиылысындай көрінді. Бір кезде көз алдымызға тіпті аға буын жас ұрпаққа заман эстафетасын ұсынғандай көрініс елестеген болатын.

Бұл жиын өзге жиындардан сырттай еш айырмашылығы жоқ, әйтсе де студенттер мен түлектердің өзара тәжірибе алмасып, мамани тақырыптарды қозғап отырғанын естігеніңізде сөзіміз ауадан алынбағанына көзіңіз жетер еді.

VIA group вокалдық тобының орындауындағы ретро әндер жас жүректер мен студенттерді зал төріне тартып, би сиқырына баулап, қос жүректер бір-бірін құшағына баурап, іс-шара маужыраған қою қара түннің романтикасы мен әсем әннің толқынында қорытындыланды.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/12/01/euw-tanymaldylyqtyng-zholy-ma/feed/ 0
Көптен күткен кездесу https://qazaqpress.kz/2022/05/23/koepten-kuetken-kezdesw/ https://qazaqpress.kz/2022/05/23/koepten-kuetken-kezdesw/#respond Mon, 23 May 2022 04:23:32 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=46463 20 мамырда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де Alumni day атты түлектермен кездесу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Qazaqpress.

Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Дихан Қамзабекұлы қанатты сөздерімен іс-шараның басын ашты. Ол Жаңа Қазақстанның қалыптасу жолы мен жетістіктерін тілге тиек ете отырып, жаңа мемлекеттің жас мамандары да жаңашылдыққа ұмтылу керектігін айтты.

Іс-шара ОЗҒ-ның акт залында басталды және университеттің түлектері мен құрылтайшылары қатысты. ЕҰУ-дің мерейтойына келген түлектер іші сол қалпы қалғанына таңырқап, жастық шағын тамсана еске алды. Оған қоса, көрермендер арасында абайсызда профессор, аға оқытушылардың өзара әңгімесі естіліп қалған еді, олардың бірі жылда түлек болып ұшып жатқан студенттердің есімдерін жаттай алмаса да жетістікке жеткен студенттерінің жүздерін бірден есіне түсіре алатынын түрткен болатын. Ал, шамамен қатарлас түлектер мен студенттер өзара тәжірибе алмасып, концерт басталғанша болашақ әріптестер сияқты әңгіме-дүкен құрып тұрды.

Жастар ісі жөніндегі комитетінің бұрынғы мүшелері 10 жылдан кейін 20 мамырда ЕҰУ-ді туған күнімен құттықтауға келіп, студенттер мен болашақ түлектерді шабыттандырып жібергенде студенттер оларды ду қол шапалақпен, жылы лебізбен қарсы алды.

Сонымен қатар Стратегиялық даму жөніндегі проректор Думан Рамазанұлы болашақ түлектерге жылы ілтипатын білдіріп, «Tulek» шеберлік мектебі жобасы аясындағы жұмыс нәтижесі сынды ЕҰУ-дің жетістіктерін жіктеп, жуырда жаңа кампус салу жобасы сияқты университеттің болашақ жоспарларымен бөліскен болатын.

Динара Мұсабалина, ENU Endowment Fund университет қорының директоры студенттерді көптеген бастамаларымен таныстырып, қор студенттердің ғана емес, барша «еуразиялықтардың» да жобаларын қолдайтынын айтты. Қор құрылтайшылары Еуразия Ұлттық университетінің түлектері:

Инютин Дмитрий;
Теленчинов Рамиль;
Несен Игорь;
Сүлеймен Арманов;
Қажғалиев Мұрат.

«Студентсің бе, түлексің бе мейілі, қоғамдастығымызды нығайтуға көмектесетін қызықты жобаң болса, қуана-қуана қолдауға дайынбыз» делінген endowmentenu.kz ресми сайтында.

Сахнада «E-Studio» вокал студиясының әншілері мен «Нұр», «Күлтегін», «Вне закона» сынды әзіл әлемінің қырандары өнер көрсетті. Ал, кеш соңында фуршет ұсынылып, VIA group вокалдық тобының керемет концерттік қойылымымен аяқталды.

 

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/05/23/koepten-kuetken-kezdesw/feed/ 0
Сәуірде жауған сәуледей: ЕҰУ түлегінің кеші өтті https://qazaqpress.kz/2022/04/24/saewirde-zhawghan-saewledej-euw-tuelegining-keshi-oetti/ https://qazaqpress.kz/2022/04/24/saewirde-zhawghan-saewledej-euw-tuelegining-keshi-oetti/#respond Sun, 24 Apr 2022 00:45:15 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=45690 22 сәуір күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Журналистика мамандығының түлегі Есмағамбетов Рамазанның «Сәуірде жауған сәуледей» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Qazaqpress.

Еуразия Ұлттық университетінде Инклюзивті орталығының басшысы Гүлхая Бабаханқызы мен «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі студенттің «Сәуірде жауған сәуледей» атты шығармашылық кеші өтті.

Морт кебектей сынғыш бала атанған Рамазан Есмағамбетовтың бүгінгі таңда маңдайында жұлдызы жанып, 2022 жылы Еуразия Ұлттық университетінің мерейін асқақтататын түлегіне айналып отыр. Кеш форматы кейіпкермен сұхбат түрінде өтті. Іс-шара «Дала сазы» оркестрінің күйімен басталып, қорытындыланды.

Іс-шараға Журналистика және Саясаттану факультетінің Директор орынбасары, Гүлжауһар Жамбыловна; Журналистика және Саясаттану факультетінің докторанты, Айжан Пернебекқызы; «Отырар кітапханасы» орталығының ғылыми қызметкері және Директор орынбасары, Жадыра Айдарбекқызы; Ғали Орманов атындағы №7 мектеп гимназиясының Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Сабира Аманжановна және т.б. қатысты.

Сонымен қатар, алтын медаль үміткерлері болған мектеп алды оқушылары шақырылып, ЕҰУ-не қызығушылығын арттыру мақсатында университет жайлы шағын баяндама жасалды.

Іс-шара қонағы марапатталып, кездесу фотосессия мен оркестрдің әсем күйінің орындауында аяқталды.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/04/24/saewirde-zhawghan-saewledej-euw-tuelegining-keshi-oetti/feed/ 0
Наурыз думанында «Сыр сандығы» ашылды https://qazaqpress.kz/2022/03/18/nawryz-dwmanynda-syr-sandyghy-ashyldy/ https://qazaqpress.kz/2022/03/18/nawryz-dwmanynda-syr-sandyghy-ashyldy/#respond Fri, 18 Mar 2022 13:47:31 +0000 https://qazaqpress.kz/?p=45038 18 наурыз күні Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің бас ғимаратында наурыз мейрамының қарсаңына бірнеше іс-шара бағдарламалары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqpress

18 наурызда Еуразия Ұлттық университетінде «Наурыз – ел бірлігінің мәдени коды: Ізденіс, тұжырымдама, тәжірибе», «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы», «Сыр сандық» студент ақындар жыр жинағының тұсаукесері атты поэзиялық кеш, ән-би концерті қойылды.

«Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы» іс-шарасының ашылу салтанатында Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ректоры Ерлан Бәттәшұлы жылы ілтипатпен сөз сөйлеп, студенттер мен университеттің құрметті профессор, аға оқытушыларына алғыс білдіріп, келе жатқан мейраммен құттықтады.

Концерттік бағдарламаға ЕҰУ жастары, «Jas Otan» jastar qanatý ұйымының, «Топжарған» ақындар клубының, «Дала сазы» қазақ оркестрінің, «Самұрық» би ансамблінің және «Шаңырақ» театрының өнерпаздары қатысты. Өнерпаздар Қазақстанның дәстүрлі ойындарын, киім-кешегін, өнерлерін паш етсе, студенттер қонақтарға қазақ ұлтының қонақжайлығын көрсетіп, көже, бауырсақ сынды дәмді тағамдармен қарсы алды.

Сонымен қатар «Топжарған» ақындар клубының ұйымдастыруымен қазақ халқының фольклорлық мұрасын насихаттау мақсатында Жазушылар одағының көмегімен «Сыр сандығы» іс-шарасында поэзия жолын жандандырып, жалғастырған жас ақындардың туындылары жеке кітап болып басылып, концерттік кеште өлең үзінділері оқылды.

«Ақын деп – құдай берген таланты бар, Алланың сәулесі түскен адамды айтады. Себебі екінің бірі ақын бола алмайды, көбі өлеңші болып қалады. Ақын деген – ол тереңінен бұлқынып шыққан көркем сөз бен ойды беделдеп, кестелеп, терең мағынамен берген адамды ақын деп айтады. Шөпті өлең, шөңгір өлең деп жүрген – ақын емес. Ақын деген – ол Мұқағали сияқты, Қасым сияқты рухты, адамның жүрегіне қона кететін жыр жазған адам», – деді Серікзат Дүйсенғазы, ЕҰУ-нің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, доцент және Республикалық айтыстардың жеңімпазы.

Кеш соңында мереке ән мен күйде жалғасын тапты. Іс-шара ресми түрде би ансамблінің «Күштепте» ұлттық өзбек биімен қорытындыланып, «Күлтегін» атриумында еркін бимен көңілді аяқталды.

]]>
https://qazaqpress.kz/2022/03/18/nawryz-dwmanynda-syr-sandyghy-ashyldy/feed/ 0