Ауыл тұрғындарына арналған комьюнити-орталықтар немесе жаңа форматтағы кітапхана: пилоттық жоба Батыс Қазақстанның 130 мың тұрғынын қамтиды
«Біз, ең алдымен, жастарды оқуға деген сүйіспеншілікке баулуымыз керек. Тек осылай ғана біз оқырман ұлт боламыз. Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Егер сіз кітапхананы биік сөрелері кітіпқа толған, қатаң кітапханашылары отыратын, тып-тыныш жайлы орын деп елестетсеңіз, онда әдеттегі кітап бұрышының қаншалықты өзгергенін білгенде таң қаласыз. Бүгінгі таңда кітапханалар тек кітап алу орны ғана емес, сондай-ақ шығармашылық шеберлік сабақтарына қатысуға, өзекті мәселелерді талқылауға немесе жай ғана жайлы атмосферада демалуға мүмкіндік беретін орынға айналды.
Дәл осындай көпфункционалды кеңістіктер таяу айларда Батыс Қазақстан облысындағы ауылдық кітапханаларды заманауи комьюнити-орталықтарға айналдыратын ауқымды жобаның нәтижесінде пайда болады. Олар тұрғындарға білім алуға, шығармашылықпен айналысуға және қарым-қатынасқа түсуге қол жеткізуге мүмкіндік беретін білім беру және мәдени функцияларды біріктіреді. Жаңартылған кітапханалар «өмірде үшінші орын» алады, яғни үй мен жұмыстан кейінгі бос уақыт өткізетін әрі жеке дамумен айналысатын маңызды қоғамдық кеңістікке айналады.
Батыс Қазақстан облысы елде кітапханалар саны бойынша екінші орында — мұнда 358 кітапхана бар. Жоба аясында 25 кітапхананы жаңғырту жоспарланып отыр, бұл өз кезегінде ауылдық кітапханаларды жаңа заманауи білім беру кеңістігіне айналдырып, дамуға және шығармашылыққа жаңа мүмкіндіктер ашады. Мәдени дамыту арқылы өмір сапасын арттыруға бағытталған бұл жоба 130 000-нан астам адамды қамтып, өңірдің болашағы үшін маңызды қадам болмақ.
Аталмыш кітапханаларды жаңғыртудың жобасына жетекшілік ететін TANA қоры бұған дейін Алматыда осындай бастаманы сәтті жүзеге асырған болатын. 2018 жылы Жамбыл Жабаев атындағы Қалалық жасөспірімдер кітапханасы жаңартылып, бұл жер оқуға, жұмыс істеуге және іс-шараларға арналған жайлы аймақтары бар заманауи open space-ке айналдырды. Алматыда бірқатар кітапханаларды жаңғыртудан басқа, Қор Қазақстандағы тұңғыш Alatau Сreative Hub креативті хабын құрды. Бұл тәжірибе кітапханалар барлық жастағы адамдар үшін тартымды орын бола алатынын, онда тек оқып қана қоймай, қарым-қатынас жасауға болатынын, білім алып, өз таланттарын дамытатын орынға айнала алатынын көрсетті.
Батыс Қазақстан облысында жаңғырту кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. TANA қорының командасы өлшем жасау және жергілікті тұрғындардың тілектерін ескеру мақсатында сауалнама жүргізу үшін 25 кітапханаға барды. Ең көп сұранысқа ие өзгерістердің қатарына балалар мен ересектерге арналған демалыс орталықтарын, креативті жобаларға арналған хабтарды және Интернетке қол жетімді ақпараттық орталықтарды құру кірді.
Жоба аясында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі кітапханалардың үй-жайларын жаңартуға дайындау, жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ кадрлық құрамды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер алды.
Жобаның бас серіктесі «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры кітапханаларды заманауи жабдықтармен, жиһаздармен жарақтандыруға және кітап қорын жаңартуға жәрдемдеседі. 2025 жылға қарай барлық жас санаттары үшін сапалы демалыс пен білім беру инфрақұрылымын ұсына отырып, кітапхана кеңістігін толығымен қайта құру жоспарлануда. Жаңғырту нәтижесінде 9000 шаршы метрге жуық кітапхана ғимараты жаңартылып, 109 кітапханашы қайта даярлаудан өтеді. Әрбір кітапхана қазақстандық және шетелдік авторлардың әдебиетін қоса алғанда, 78 миллион теңгеден астам сомаға 800-ден астам жаңа кітаппен толықтырылады.
Кітапхана кеңістігінде шахмат, актерлік шеберлік, SMM, ағылшын тілі және басқа да бағыттар бойынша үйірмелер ашылады. Комьюнити орталықтары жергілікті қауымдастықтар, ҮЕҰ және шығармашылық бастамалар үшін кездесу орнына айналады. Мұнда суретшілер, фотографтар, музыканттар жаңа мәдени жобалар жасай алады. Мереке, Ақбұлақ, Хан Ордасы ауылдары сияқты шекаралас аудандарға ерекше назар аударылады, онда кітапханалар мәдени және білім беру өмірінің маңызды бөлігіне айналады.
Батыс Қазақстан облысындағы ауылдық кітапханаларды жаңғырту жобасы мәдениет пен білім ауыл тұрғындарының өмірін қалай өзгерте алатынын көрсетеді. Жаңа кітапхана кеңістігі тек оқу орны ғана емес, адамдар қарым-қатынас жасай алатын, оқи алатын және дами алатын шынайы әлеуметтік орталықтарға айналады. Алматының сәтті үлгісі мұндай бастамалар халықтың әлеуметтік белсенділігін едәуір арттырып, кітапханаларға маңызды мәдени институттардың мәртебесін қайтаратынын растайды.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз