City Transportation Systems компаниясы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше автобустың бағдарына өзгеріс енгенін хабарлады, деп хабарлайды Qazaqpress.
Ведомство мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 35, 36, 45, 62 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерген.
Ауысқан қозғалыс схемасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.
«Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз» деп ескертеді City Transportation Systems баспасөз қызметінен.
Фото: Жанар Каримова
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз