Елордалық Полиция департаменті мәліметінше, 4 желтоқсанда сағат 20:00-ден 5 желтоқсанда 07:00-ге дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана жолдарында 63 жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы хабарлаған жоқ.
Полицейлер жүргізушілерден жолда өте сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, көлікті кенет тежеуді болдырмауды және қашықтықты сақтауды сұрайды.
— Жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де сақ болуы керек, — деп еске салды Астана Полиция департаменті.
Discussion about this post