Судья Айжан Құлбаева айыпталушылар – Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты үкімнің қарар бөлігіне кірісе бастады, деп хабарлайды Qazaqpress.
Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Судья үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кірді», — деді соттың баспасөз қызметі.
Басқа мәліметтер белгісіз. Судьяның кеңесу бөлмесіне кіргеніне қарағанда алқабилер дауыс беріп, қойылған сұрақтарға жауап берген болуы мүмкін.
Бұған дейін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айыпталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты өтіп жатқан сот процесінде судья Айжан Құлбаева алқабилерге қойылатын сұрақты оқып бергенін жазған болатынбыз.
Фото: Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз