Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Qazaqpress.
Бұл туралы Алматы сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Ол тағы бір айға жуық уақыт қамауда болады.
— Тергеу соты өтінішті қанағаттандырып, қамауға алу мерзімі 21 қыркүйекке дейін ұзартылды, — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, 22 сәуірде Қайрат Құдайбергеннің ұсталғанын Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі ресми түрде растаған болатын.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз