Қазақстанда өткен тәулікте 56 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
16 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 159 адам (коронавирустан (КВИ+) -2 011, пневмониядан (КВИ-) — 148) емделіп жатыр. Оның ішінде 220 науқас стационарда, 1 939 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
— 8 адамның жағдайы ауыр,
— 6 науқастың жағдайы өте ауыр,
— 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Discussion about this post