Қазақстанда өткен тәулікте162 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
Кейінгі тәулікте, яғни 1 желтоқсанда елімізде індетті жаңадан жұқтырған 200 адам тіркелді. Оның ішінде, 162 науқаста ПТР талдауы оң нәтиже берді. Тағы 38 адам ПТР сынамасы теріс ковид-пневмониясы бойынша көмек сұраған.
2 желтоқсандағы жағдай бойынша, 1 205 адам (1 023 КВИ+ және 182 КВИ-) COVID-19 емделіп, оның ішінде 172 науқас стационарда, 1 033 науқас амбулаторлық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
8 адамның жағдайы ауыр,
2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Discussion about this post