Қазақстанның Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, SpaceX спутниктік интернет-операторы Қазақстанда қызмет көрсететіні екіталай, өйткені оларда аса қызығушылығы жоқ, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бірақ SpaceX-тің орнына басқа шешім бар
Дегенмен 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлыбританияның OneWeb және Оңтүстік Кореяның Ses сынды спутниктері Қазақстанда жерүсті шлюз станцияларын орналастыруға дайын, бұл оларға сымды интернет байланысы жоқ аймақтарды жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстанға мұндай интернеттің қандай қажеті бар?
Қазақстан жылдамдығы жоғары сымды интернетпен қамтамасыз ете алмайтын шалғай аудандарына дүниежүзілік желіні қолжетімді ету үшін спутниктік интернетке бет бұруда. Спутниктік интернеттің көмегімен олар ақпараттық-коммуникациялық ресурстарға қолжетімділік мәселесін шешетініне үміттенеді.
Спутниктік интернет компанияларын ынталандыру шарасы
Үкімет геостационарға кірмейтін спутниктерді пайдаланатын компанияларға 90%-ке дейін салық жеңілдіктерін ұсына отырып, спутниктік интернет компанияларына көмектесуге дайын. Жеңілдік 5 жылға дейін жарамды, ал оны алу үшін компаниялар барлық Қазақстан ауылдарын интернетпен қамтамасыз етуге келісу керек.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз