Қазақстанда өткен тәулікте 28 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
— 10 қазандағы мәлімет бойынша, 1 080 адам коронавирус инфекциясынан (–944+ және 136 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 116 пациент стационарда, 964 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр, — делінген хабарламада.
- 6 адамның жағдайы ауыр,
- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Discussion about this post