қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Өтірік сөз жанға қас

Айгерим Шонашева by Айгерим Шонашева
Қазан 21, 2022
Өтірік сөз жанға қас

Қазіргі таңда алаяқтар Instagram және т.б. әлеуметтік желілерде фейк аккаунт ашып, елдің құтын қашыруда, деп хабарлайды Qazaqpress.

Байланысты

Қостанай облысындағы агрокомпания қоймасында 20 тонна шемішке өртеніп кетті

Түркістанда жоғалып кеткен төрт жасар бала өлі табылды

Алматыда өрт шыққан хостел иелері іздестіріліп жатыр

Алаяқтар Instagram әлеуметтік желісінде жалған аккаунт арқылы қолданушыларға тіркелуге шақырылым тастап, өзге елдің тұрғыны ретінде таныстырылуда. Әуелі, әдетте алаяқтар түрлі драмалық пьесадан кем түспейтін шынайы оқиғалар құрып, жемтігінің назарын тартады екен.

Өкінішке қарай мұндай арбау түрі жаңалық емес. Мәселен, kaspersky.ru сайтында мұндай алдап-арбау тәсілін Instagram-фишинг деп атайды және бұл алаяқтардың тек сан қырлы құралдарының бірі екенін түсіндіреді. Бірақ, кең жерімізде сонда да алданып қалатындар жеткілікті. Сондықтан, бұл мақаламызда алаяқтарды қалай тану керектігін айтып береміз.

Не себептен алаяқтар инстаграм парақшасын жиі қолдана бастады?

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Кибералаяқтар үшін анонимділік – маңызды шарттарының бірі. Инстаграмда Proton VPN сияқты впн қосымшаларын қолданып, жалған аккаунт жасау өте қолайлы. Екіншіден, әдетте бір рет телефон алаяқтығына іліккен адам екінші рет алданбау мүмкін, сондықтан алаяққа кең аудиторияға қол жеткізу керек. Ал, инстаграмда атадан балаға дейін түрлі қолданушылар бар екенін естен шығармайық. Бірақ, бұл инстаграмнан мүлдем бас тартып, алданып қалмас үшін аккаунтыңызды өшіріп тастау керек деген сөз емес. Инстаграм расымен де жеке кәсіпкерлер мен ЖШС иелері үшін ыңғайлы жарнамалық, қызмет ұсынуға арналған платформалардың бірі. Сондықтан, әлеуметтік желі кеңістігінде енді-енді кәсібін ашып келе жатқан қолданушыларды да жиі көруге болады. Онда алаяқтар мен шынайы кәсіпкерлердің арасын қалай ажыратуға болады?

Күдікті сілтемелер

Бірінші және ең маңызды кеңес: күмәнді ресурсқа аударатын сілтеме келсе, баспаңыз!

Егер сілтеме сіз білетін адамнан келіп тұрса, оның рас, өтірігін басқа байланыс арнасы арқылы танысыңыздың өзінен білгеніңіз жөн. Ал, ең абзалы жеке өзіне хабарласқан дұрыс, себебі оның аккаунтын алаяқтар жаулап алу мүмкін.

Егер сізге Instagram администрациясынан немесе кез келген өзге де қызмет салаларынан ескерту және сілтеме келсе, мәселен, «сілтемеңіз жабылып қалмас үшін…» сынды хабарлама келіп тұрса, сілтеме арқылы өтпеуге кеңес береміз. Одан да қызметтің ресми веб-сайтына кіріп, хабарламаның шындығына көз жеткізіңіз. Техникалық қолдау қызметіне хабарласып, мән-жайды нақтылауға да болады не браузерде жаңа бет ашып, ресми сайт арқылы өз аккаунтыңызға кіріп көріңіз – қолыңыздан келсе, бәрі дұрыс деген сөз. Бірақ, соңғы шараны да асығыс қабылдамауға кеңес береміз. Себебі, интернет кеңістігінде фишинг-сайт деген тура ресми сайтқа ұқсас жалған сайттар да бар.

Маңызды. Әдетте фишинг сілтемелер қолданушыларға қысқартылған күйде келеді немесе атауында «Instagram» орнына «Instaagram» сияқты көзге көрінетін қатесі болады.

Антиплагиат

Кез келген мәтінді антиплагиат қызметі арқылы тексеруге немесе мәтін бөлігін іздеу жолағына көшіруге болады. Егер мәтіннің қайталанғаны анықталса, сіз алаяқтарға тап болуыңыз мүмкін. Алайда, тек хабарламаларды ғана емес, бейтаныс адамдардан келген жеке хат мәтінін де тексергеніңіз жөн: мысалы, алаяқтар әдетте ұзын-сонар әңгіме жазуға ерінеді, сондықтан бір жерден алып, көшіре салу мүмкін.

Мәтіннен бөлек суреттерді де іздеу жүйесінде тексеруге болады. Әсіресе дүкендер мен қайырымдылық ісімен айналысатын ұйымдардың парақшасындағы суреттерін тексергеніңіз жөн. Алаяқтық парақша шынайы дүкендердің каталогындағы фотоларды пайдаланады, ал жалған қайырымдылық ұйымдары көбінесе шынайы қаражат жинайтын парақшалардың көшірмелерін ашып алады. Тексеру процедурасы мәтінді тексергенмен бірдей: егер сіз қайталанатын фотоларды тапсаңыз, парақшаның шынайылығына шүбә артқаныңыз абзал.

Манипуляция мен психологиялық арбаулар

Алаяқтар психологиялық тәсілдерді жақсы қолданады және өз жемтіктерімен шебер түрде манипуляциялайды. Манипуляциялау үшін тікелей байланыс орнатудың қажеті жоқ. Кейбір манипуляциялау тәсілдерін мысалға келтірейік:

  1. Арандату

Мысалы, фишинг хаттамаларда жиі «Сіздің фотосуреттеріңіз желіге шығып кетті», «Сіздің есептік жазбаңыз бұғатталды» дегендей арандатушылық пен бопсалау және т.б. мәтіндер кездеседі. Жәбірленуші еш ойланбастан эмоция елегінде сілтеме бойынша ресурсқа өту мүмкін. Төтенше жағдайда шұғыл түрде ақша жіберуді сұрайтын хаттар да сол қағида бойынша жұмыс істейді, ал жәбірленуші болса ойланбастан шешім қабылдау мүмкін.

  1. Жалған мотивация және өтірік курстар

Әдетте әлеуметтік желілерде «декреттегі аналар үшін» интернеттегі жеңіл табысты және т.б. желілік маркетинг табыстарын ұсынатын жазбаларға жиі кезігіп жататынымыз рас. Ондай жазбалардың 90% эмодзилермен өрнектелген қызықты, ынталандыратын мәтіндерден тұрады. Немесе тәтті өмірге қол жеткізген адамдар мен блогерлердің керемет табыстары туралы оқиғалармен қуаттандырылған жазбалар, роликтер көптеп кездеседі.

Мұның бәрі жұмбақпен әрленген, бал сөзбен апталған дүниелер: жазбаларда жұмыстың нақты не туралы екенін ешкім тікелей айтпайды. Бірақ әрбір жазба (пост) «Сіз де қалайсыз ба? Пікірге плюс қойыңыз» деген тартымды тіркестермен аяқталады. Қызығушылық танытқан аудитория пікір жазып, лайк басып, тіпті сілтеме арқылы өтетіні бар, ал одан кейін алаяқтар жәбірленушімен тікелей байланысқа шығады. Сөйтіп, жәбірленуші өзін өте құнды ақпарат алған сияқты сезініп, алданып қалады.

  1. Манипуляция және психологиялық қысым

Өзгеше айтқанда, абьюз. Яғни, біз некелік алаяқтар туралы айтып отырмыз: олардың басты мақсаты – жәбірленушінің назарын толықтай өзіне қаратып, сеніміне кіру. Ол үшін бірқатар құралдар қолданылады: алаяқ мүмкіндігінше жәбірленушімен көбірек уақыт өткізуге тырысады, тым тез ыстық сезімдер жайлы айта бастайды, көкейге жалған үміт ұялатады, ұятын түртіп, сезімдерімен ойнайды, қорқытып, бопсалайды.

Профильдің шынайылығын тексеру

Негізі профильдің шынайылығын оңай тексеруге болады. Әуелі бейтаныс аккаунтқа жазбас бұрын келесі нәрселерге назар аударыңыз:

– Профиль лентасы

Мәселен, шынайы интернет дүкеннің не қайырымдылық қорының инстаграм профиліндегі жазбалар мен жарияланымдары мерзім сайын жаңартылып, парақшасы жаңа жазбалармен толықтырылып отырады. Не дегенмен әуелі аккаунт жазбаларының мерзім аралықтарын тексерген жөн.

– Фото

Әдетте қарапайым қолданушының фотосуреттері бірдей стильде жасалады және барлығында да бір адам ғана кездеседі, беті де жабық болмауға тиіс.

– Құжаттар мен есептер

Ақша жинау ұйымдарына оралар болсақ, шынайы аккаунттарда жиналған қаражат туралы тұрақты есептер бар. Құжаттар мен чектер қолжетімді, тек карта номері көрсетіліп қоймай, реквизиттер әртүрлі ресурстарға бағытталған және ақша қабылдау адамының аты-жөні көмек сұраған адамның есімімен сәйкес және т.б. ерекшеліктері бар.

– Байланыс номері

Әдетте аккаунт иесінің негізгі ақпараты профиль анықтамасында көрсетілген. Егер ресми дүкен туралы айтар болсақ, онда профиль иесі инстаграмда өзін жарнамалап отыр деген болжамды да жоққа шығармау керек. Яғни, дүкеннің ресми веб-сайты болмаса да кем дегенде өзге әлеуметтік желілерге сілтемелер мен байланыс ақпараты орналасу керек.

– Хабарламалар

Егер дүкен администраторы жекеңізге шығып не пост астында төлем аудару жайында пікір қалдырса, алдын ала сақтанып, дүкен администраторының өзіне жазғаныңыз жөн болады.

– Аты

Жалған аккаунт иелері әдетте әлемге танымал бренд атауын немесе көпшілікке таныс логинді фишинг сілтемелердегідей сәл-сәл өзгертіп қояды.

– Верификация

Ресми бренд парақшалары әдетте көк белгімен (галочка) белгіленген. Аккаунттың өтірік, шынын анықтау үшін аккаунт логинін немесе атын іздеу жолағына теріп көріңіз.

– Сайт

Мысалы, инстаграмда қайырымдылық ұйымын көрсеңіз, гугл арқылы ресми сайтына кіріп, қандай адамға қанша сома жиналып жатқанын тексеруге болады. Осында айта кетелік, қаражат заңды тұлғаның реквизиттеріне ғана жіберілу тиіс.

Жасанды лайк және тіркелушілер

Тіркелушілер мен тіркелімдер. Егер тіркелімдердің саны тіркелушілерден едәуір көп болса, мұнда жаппай тіркелу әдісі қолданылған болу мүмкін. Ал, керісінше болса тіркелушілердің шынайы аккаунттар екенін тексеру үшін арасынан бірнешеуін таңдап, қарап көріңіз;

Лайк. Әдетте шынайы аккаунттарда like саны тіркелушілер санының шамамен 10% құрайды. Егер соңғы жазбалардың лайк саны алдыңғы жазбаларға қарағанда бірнеше есе көп болса, онда олар жасанды болу мүмкін;

Пікірлер. Тіркелушілер саны көп болғанмен, пікірлер саны аз болғаны біртүрлі көрінеді. Бірақ, пікірлер бар болған жағдайда олардың мазмұнына және кім қалдырғанына назар аударған жөн. «Супер!», «Тамаша фото» сияқты моносиллаб сөздердің көптігі фейк аккаунттың лас иісін шығарып, мұрын жарады.

21 ғасырда киберқауіпсіздік мәселесі қашан да өзекті. Бірақ, аталған шаралар да 100% қауіпсіздік кепілдігін бермейді, сондықтан өзіміз де баптанып, медиа сауаттылығымызды арттырғанымыз жөн. Себебі, қауіпсіздік шаралары жасалған қылмыстың негізіне сүйеніп, дамитынын ұмытпайық.

 

Tags: Instagramфейк
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Кеген-Нарынқол тас жолында алғашқы қар жауды

Келесі жаңалық

Қазақстандық киноәртіс жоғары деңгейлі киносыйлыққа ұсынылды

Айгерим Шонашева

Айгерим Шонашева

Байланысты жаңалықтар

Қостанай облысындағы агрокомпания қоймасында 20 тонна шемішке өртеніп кетті
Категориясыз

Қостанай облысындағы агрокомпания қоймасында 20 тонна шемішке өртеніп кетті

Желтоқсан 4, 2023
Түркістанда жоғалып кеткен төрт жасар бала өлі табылды
Басты

Түркістанда жоғалып кеткен төрт жасар бала өлі табылды

Желтоқсан 4, 2023
Алматыда өрт шыққан хостел иелері іздестіріліп жатыр
Категориясыз

Алматыда өрт шыққан хостел иелері іздестіріліп жатыр

Желтоқсан 1, 2023
Түркістан облысында лауазымды тұлғалар ұсталды
Басты

Түркістан облысында лауазымды тұлғалар ұсталды

Желтоқсан 1, 2023
Алматы әкімдігі жерлеу процесін ұйымдастыруға және қаза тапқандардың денелерін тасымалдауға жәрдем көрсетеді
Категориясыз

Алматы әкімдігі жерлеу процесін ұйымдастыруға және қаза тапқандардың денелерін тасымалдауға жәрдем көрсетеді

Қараша 30, 2023
Хостел ғимараты Халық банкке тиесілі – әкімдік
Категориясыз

Хостел ғимараты Халық банкке тиесілі – әкімдік

Қараша 30, 2023
Келесі жаңалық
Қазақстандық киноәртіс жоғары деңгейлі киносыйлыққа ұсынылды

Қазақстандық киноәртіс жоғары деңгейлі киносыйлыққа ұсынылды

Қазақстанда соңғы тәулікте 2 579 адам коронавирус індетін жұқтырды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Тоқаев: Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын

Тоқаев: Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын

Наурыз 16, 2022
Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Шілде 20, 2021
Головкин сияқты жұдырық түй: Канелоны кез-келген адам жеңе алатын мүмкіндігі бар Parimatch ойыны

Головкин сияқты жұдырық түй: Канелоны кез-келген адам жеңе алатын мүмкіндігі бар Parimatch ойыны

Қыркүйек 14, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қалалық кардиология орталығында алғаш рет жүрек ісігін алып тастау үшін шағын инвазивті торакоскопиялық ота жасалды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Синквейн деген не?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ЖСН арқылы тұрғын үйге кезекке тұру үшін не істеу керек: Нұсқаулық

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Метафора деген не?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Соңғы жазбалар

  • Қостанай облысындағы агрокомпания қоймасында 20 тонна шемішке өртеніп кетті
  • Түркістанда жоғалып кеткен төрт жасар бала өлі табылды
  • Камерасы 108 МП, батареясы сағ. /6000 мА және бағасы 100 мың теңгеден төмен HONOR X7b енді Қазақстанда

Санаттар

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.