Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстанға қанша ресейлік келгенін айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
— Қазақстанға 200 мыңнан аса Ресей азаматы кірді. Бүгінгі таңда елден 147 мыңы кеткен, — деді Ішкі істер министрі.
Ахметжанов Ресей азаматтарының кіруіне ешқандай шектеулер болмайтынын айтты.
— Мобилизация туралы алған жарияланған кезде кептеліс болды. Кешеден бері бәрі тынышталды. Мысалы, кеше елімізге Ресей Федерациясының 7 мыңнан аса азаматы кірсе, 11 мыңға жуығы басқа елге кетті, — деп қосты ол.
Discussion about this post