Саин көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Qazaqpress Қалалық мобилділік басқармасы мәліметіне сілтеме жасап.
— Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Саин көшесінің мына бөліктерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі:
- Саин көшесінің Шығыс бетінде солтүстік бағытта Шаляпин көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі бөлігі — 19 қыркүйек сағат 21:00 мен 20 қыркүйек сағат 06:00 аралығында;
- Саин көшесінің Батыс бетінде Жандосов көшесінен Торайғыров көшесіне дейін — 20 қыркүйек сағат 21:00 мен 21 қыркүйек сағат 06:00 аралығында және 21 қыркүйек сағат 21:00 мен 22 қыркүйек сағат 06:00 аралығында;
- Саин көшесінің Шығыс бетінде Жандосов көшесінен Торайғыров көшесіне дейінгі бөлігі — 23 қыркүйек сағат 21:00 мен 24 қыркүйек сағат 06:00 және 24 қыркүйек сағат 21:00 мен 25 қыркүйек сағат 06:00 аралығында, — делінген хабарламада.
Жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланғаны айтылды.
— Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, — делінген басқарма хабарламасында.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз