Қазақстанда дизель отынының тапшылығы болу мүмкін, өйткені бір жылдың ішінде газойль сатылымы 19%-ке өсті. Дегенмен, кінәлілерді жазалау шаралары жүргізіліп, халық жағдайдың жалғасын күтуде, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.
2022 жылдың қаңтар-шілде айларында дизельдік отын өндірісі 3,1 млн. тоннаны құрады, деп жазды Energyprom.kz. Бұл бүгінгі таңдағы ең жоғарғы көрсеткіш және тура 1 жыл бұрыңғы өндірістен 9,2%-ке жоғары.
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, 2022 жылға жоспарланған дизельдік отын өндірісінің мөлшері 5,2 млн. тонна және бұл 2021 жылға қарағанда 300 мың тоннаға, ал 2020 жылға қарағанда 600 мың тоннаға артық.
Энергетика министрлігінің болжамы бойынша, дизельдік отынға сұраныстың артуына байланысты 2022 жылы дизель тұтыну мөлшері шамамен 5,5 миллион тоннаға жетеді. Бұл 2020 жылға қарағанда 500 мың тоннаға және 2021 жылға қарағанда 90 мың тоннаға артық.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында елде сатылған дизель отынының мөлшері 2021 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 18,9%-ке артып, 2,7 млн тоннаны құрады.
Сол кезеңде өндіріс 13,9%-ке артты. Бұған өндіріс көлемінің 2,7 млн. тоннаға дейін ұлғайғаны дәлел. Алайда, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында дизельдік отынның импорты небәрі 23 300 тоннаны құрап, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда төмендеп кеткені анықталды. Сол уақытта экспорт көлемі де азайып, 36 800 тоннаға дейін төмендеді.
Қазақстандағы дизельдік отынның тапшылығы
Мәселеге байланысты жуырда құрылған арнайы комиссия Қазақстанда дизельдік отынның тапшылығын тудырған факторларды анықтады. Әуелі диз. отынының тапшылығы транзиттік көліктердің дизельді жиі тұтынғанына байланысты. Тағы бір себебі, дизельдік отынның бағасы арзан болғандықтан көрші елдерге экспортталған екен.
«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ басқарма төрағасы Мырзағалиев пен Энергетика вице-министрі Мағауовқа дер кезінде шара қолданбағаны үшін сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, Энергетика министрлігі мен ҚМГ-ның бірқатар бас қызметкерлеріне қатысты тәртіптік жаза қолданылды.
2022 жылдың тамыз айында Қазақстанда дизель отынының бағасы айына орта есеппен 0,7%-ке өсті. Дизельге деген бағаның күрт көтерілуі Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында байқалды – 3,5% және 3,4% қымбаттады. Шығыс Қазақстан облысында да баға 2,9%-ке өсті.
1 жылда дизельдік отынның бағасы орта есеппен 35,5%-ке өсті, ал Ақмола облысында шамамен екі есеге – 58,4%-ке өскен. Жалпы айтқанда, бағаның өсімі Алматы облысынан 15,4%-тен Ақмола облысына дейін 58,4% аралығында құбылмалы күйде болмақ.
Тамыз айында елдегі бір литр жазғы дизель отынының орташа бағасы 238 теңгені құрады. Ең жоғары баға Қостанай мен Петропавлда (литріне 260 теңге), ең төмен бағасы Ақтауда (литріне 225 теңге) тіркелді.
Дизель отыны мен бензин бағасы бекітілді
АИ-92 және АИ-93 Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқа барлық өңірлерде литріне 182 теңгеден сатылады (кейбір жерлерде литріне 187 теңге).
Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, Жетісу, Ұлытау, облыстарында дизельдік отын 230 теңге; Ақмола, Ақтөбе қ., Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай қ., Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында 260 теңге тұрады.
АИ-95 бағасы бекітілмеген.
Қазақстандағы автогаздың бекітілген бағасы:
- Нұр-Сұлтан – литріне 70 теңге;
- Алматы – литріне 65 теңге;
- Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында литріне 50-55 теңге;
- Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарында – литріне 70-75 теңге;
- Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Абай облыстарында литріне 60-65 теңге.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз