ҰҚК Алматыда қару арсеналы жасырылған орынды анықтады

ҰҚК Алматыда қару арсеналы жасырылған орынды анықтады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.

«Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі
221 патрон алынды.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.